22.12.2023

Sustainable Fitch «Бәйтерек» холдингі ESG-рейтингінің 3-деңгейіне ие болды

Sustainable Fitch «Бәйтерек» холдингі ESG-рейтингінің 3-деңгейіне ие болды

Sustainable Fitch рейтинг агенттігі “Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ға (бұдан әрі – Бәйтерек, холдинг) алғаш рет ұйымдардың “3” дейгейлі ESG-рейтингін және 57 деңгейіндегі ұпайды белгіледі. Рейтинг компанияның тұрақты даму саласындағы стратегиясы мен бастамаларын, қаржылық қызметтегі ESG факторларын есепке алуды, сондай-ақ әлеуметтік кепілдік пен басқару тәжірибесін білдіреді.

Sustainable Fitch әлеуметтік аспектілердегі фокус топтарды, нақтырақ айтсақ, "Qazaqstan Investment Corporation" (QIC) АҚ, “Даму” (Даму) кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ және "Bereke Bank" АҚ-ның еншілес компанияларының ШОБ-ты қаржыландыруын; тұрғын үй бағдарламалары, соның ішінде “Отбасы банкі” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ және “Қазақстанның тұрғын үй компаниясы” АҚ іске асыратын халықтың ең осал топтарына арналған бағдарламаларды; "КазахЭкспорт" ЭСК” АҚ өңдеуші салаларының өнімдерін экспорттауды ілгерілетуді оң бағалады. Рейтинг “Қазақстан даму банкі” АҚ, Даму, QIC және “Аграрлық кредит корпорациясы” АҚ сияқты еншілес ұйымдарды “жасыл” қаржыландыруды қамтиды.

Бәйтеректің әлеуметтік бейінін бағалау кезінде агенттікте Холдинг әзірлеген Адам құқықтары мен еңбек ресурстары саласындағы саясаттың маңызын, сондай-ақ холдинг қызметкерлерінің 52%-ын әйел адамдар құрайтынына қатысты әртүрлілік деңгейін атап өтті.

ESG қағидаттарын енгізу жұмыстары холдингтің еншілес компанияларында да бағалауға ие болған еді. Sustainable Fitch-тің “3” деңгейлі ESG-рейтингілері “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ-ға және «Qazaqstan Investment Corporation АҚ-ға берілді. Өз кезегінде “Даму” қоры S&P Global халықаралық агенттігінің ESG атты ресми бағалауына ие болған.

Анықтама үшін:

Бәйтерек - экономиканың басым бағыттарына қолдау көрсететін және микро-, шағын-, орта және ірі бизнесті, экспорттық операцияларды, венчурлық бизнесті, ауыл шаруашылығын және тұрғын үйді қаржыландыруды қолдайтын сегіз еншілес компаниясы бар ұлттық даму институты.  

Sustainable Fitch ESG-рейтингілері қаржылық ESG қауымдастығына салмақталған шешімдер қабылдауда жәрдем бере отырып, ұйымдастырылуы, құрылымы мен құралдары деңгейінде активтердің барлық типтерінің экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық көрсеткіштерін бағалау үшін жаһандық шешімдерді ұсынады. Агенттік екінші тараптың (Second Party Opinion, SPO) қорытындысын және ұйымдастыру рейтингін, құрылым рейтингін және құралдар рейтингін қоса алғанда ESG рейтингісінің бақыланатын топтамасын ұсынуға мүмкіндік беретін модульдік талдау жүйесін әзірледі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар