Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

05.06.2026

«Бәйтерек» 2026 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 1,2 трлн теңгеден астам қаржы бағыттайды

Кеңес ал!

14.05.2026

«Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша медиатренингке қатысты

«Бәйтерек» холдингі ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша медиатренингке қатысты

13 мамыр күні Шымкент қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасын ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиатренинг өтті. Іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ атынан басқарушы директор Руслан Төлегенов қатысты.

Тренингті ЭКСЖ жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Оған орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополия субъектілерінің және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Спикерлер қатарында Ұлттық экономика министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Энергетика министрлігінің бейінді комитеттері, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің өкілдері болды.

Іс-шара барысында ЭКСЖ жобасын іске асырудың мақсаттары мен қазіргі нәтижелері, коммуналдық инфрақұрылымды қаржыландыру және жаңғырту тетіктері, табиғи монополия субъектілерінің мәселелері және өңірлік деңгейде жобаларды іске асыру тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар ұлттық жобаны ақпараттық сүйемелдеу және мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Руслан Төлегенов қазіргі таңда Холдинг Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы шамамен 9 млрд теңгені құрайтын өтінімдерді қарастырғанын атап өтті. Сонымен қатар ЭКСЖ аясында Шымкент қаласындағы жобаларды жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр.

Талқылау барысында Холдинг құзыреті шеңберінде қаржыландыру шарттарына қатысты түсіндірмелер берілді.

Анықтама үшін: «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы 2029 жылға дейін іске асырылады және инфрақұрылымның тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ апаттылықты 20%-ға қысқартуға бағытталған. ЭКСЖ жобасының күтілетін нәтижелері – коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайды жақсарту. Ұлттық жобаның қаржы операторы – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар