26.02.2021

«Бәйтерек» холдингінің жүйесі тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі

«Бәйтерек» холдингінің жүйесі тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев тұрғын үй құрылысын дамытудағы ерекше бағыт –құрылыс индустриясын цифрландыру туралы айтып берді.

- Өткен кездесуде Ахуалдық орталығымыздың қалай жұмыс істейтінін көрсеткенбіз. Бүгінде онда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылатын 900 объект бойынша ақпарат бар. Сондай-ақ, «Құрылыс материалдарының маркетплейсі» тұжырымдамасы туралы сөз еттік, - деді Әнуар Омарқожаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл тақырып қазір өзекті, өйткені кейбір позициялар бойынша құрылыс материалдарын импорттау үлесі 60% - дан асады, бұл өз кезегінде құрылыстың өзіндік құнының жоғары болуының негізгі факторларының бірі болып табылады.

- Біз 123 құрылыс материалдарын өндірушілерге сауалнама жүргіздік, олардың 70% - дан астамы біздің бастамамызды қолдайды. Маркетплейс отандық өндірушілерді, құрылыс салушыларды, логистикалық компанияларды бірыңғай алаңда қандай да бір делдалдарсыз тікелей байланысуға және тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын орта есеппен 15% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингі басшысының орынбасары.

Бұдан басқа, құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу, өз өнімдерін кепілді өткізу мүмкіндігіне ие болады, өндіріс қуаттары жүктемемен қамтамасыз етіледі, нәтижесінде қазақстандық қамту үлесінің артуына ықпал етіледі.

Өз кезегінде, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев бірінші кезең аясында 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан 106 жылжымайтын мүлік нысанының электрондық сметаларына талдау жасалғанын айтты. Бұдан басқа, «Нұрлы жер» ахуалдық орталығында электрондық сметаларды талдау әзірленді және құрылыс материалдарына деген барлық қажеттілік визуализацияланды. Бүгінгі таңда 106 нысан бойынша құрылыс материалдарына қажеттілік 51,4 млрд теңгені құрайды.

- Екінші кезеңде ағымдағы жылы материалдарды өндірушілер үшін өз Құрылыс материалдарының сөрелерін жариялау функциясы әзірленетін болады. Барлық қатысушылар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, шарттарды онлайн жасасудың бизнес-процесін енгізу жоспарлануда. Маркетплейсте логистикалық компаниялармен бірлесіп тауарларды жеткізуді бақылау функциясы пайда болады. ҚТК құрамында маркетплейске қатысушыларды үйлестіретін және сүйемелдейтін, қатысушыларды верификациялайтын, верификациялау үшін тікелей өндірістік объектілерге шығатын және т.б. жеке қызмет құрылатын болады, - деп хабарлады Алтай Күздібаев.

Әзірлеушілер маркетплейсті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «өнеркәсіп» ақпараттық жүйесімен (отандық өндірушілер тізімі), сондай-ақ «құрылыс құнын онлайн басқару жүйесімен» біріктіруді жоспарлап отырғанын айтады. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда, «сатушыдан» және «сатып алушыдан» құрылыс материалдарына онлайн-аукциондар өткізу алгоритмі мен функциясы әзірленетін болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар