Кеңес ал!

19.06.2026

«Бәйтерек» холдингінде Жақып Асанов дәріс оқыды

«Бәйтерек» холдингінде Жақып Асанов дәріс оқыды

19 маусым күні Baiterek Business University корпоративтік білім беру платформасын дамыту аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ «Жобалық тәсіл – мансаптық өсудің қозғаушы күші» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Іс-шараның арнайы қонағы әрі спикері ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, 2-санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты Жақып Асанов қатысты.

Дәріс барысында Жақып Асанов мемлекеттік қызметтегі және ауқымды жобаларды іске асырудағы тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби мақсаттарға қол жеткізудегі, көшбасшылық құзыреттерді дамытудағы және еңбек тиімділігін арттырудағы жобалық тәсілдің рөлі туралы айтты. Сонымен қатар жобаларды басқарудың практикалық құралдарына, күрделі міндеттерді шешудің заманауи әдістеріне және кәсіби қызметтен алынған нақты кейстерге ерекше назар аударылды.

Спикер мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі болатын конституциялық құндылықтардың маңызына арнайы тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген заңдылық, жауапкершілік, құқық үстемдігі қағидаттары, сондай-ақ білім, ғылым және инновацияларға басымдық беру ұстанымдары әрбір азаматтың күнделікті еңбек қызметінен көрініс табуы тиіс.

Жақып Асановтың сөзінше, ең озық реформалар, стратегиялар мен заңнамалық бастамалардың өзі нақты нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді іске асыру тетіктері мен азаматтардың белсенді қатысуын қажет етеді.

«Қандай озық әрі прогрессивті болса да, ешқандай реформа, ешқандай стратегия немесе заң өздігінен жұмыс істемейді. Сондықтан заманауи әрі нәтижелі құралдарды пайдаланып, күрделі міндеттерден қорықпай, қиындықтарды ұйымға, елге және өз кәсіби дамуыңызға пайда әкелетін жобаларға айналдыру қажет», – деп атап өтті спикер.

Кездесу соңында Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин Жақып Асановқа мазмұнды дәрісі мен Холдинг компаниялар тобында үздіксіз білім алу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол ұсынылған тәсілдердің практикалық маңызын атап өтіп, қызметкерлер арасында жобалық ойлау мәдениетін, көшбасшылық қасиеттерді және елдің орнықты дамуы мен мемлекеттік және корпоративтік институттардың тиімді қызметінің негізі саналатын конституциялық құндылықтарға адалдықты қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шараға Холдингтің 150-ден астам қызметкері, оның ішінде еншілес ұйымдардың бірінші басшылары қатысты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар