19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингінде онлайн-конференция өткізілді, оның барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», Нарықты мониторингтеу және сараптау орталығы (НМСО) әзірлеген «Сатып алудың бірыңғай терезесі» интернет-платформасы таныстырылды.
Жиналысқа Холдингтің орталық аппаратының, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында барлық сатып алулар мүмкіндігінше ашық және сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы жүзеге асырылуы керек деген болатын. Осы тапсырма шеңберінде НМСО базасында, сатып алудың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыратын, «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» платформасы құрылды. Бұл веб-қызмет арқылы Қазақстандағы бес ірі сатып алушы сайттардың ақпараттары көрсетілген ақпараттық-аналитикалық портал. Портал сонымен қатар барлық интеграцияланған жүйелерден жинақталған деректер базасы негізінде ақпаратты талдауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған, - деп іс-шара барысында «Бәйтерек» холдингі әкімшілігінің жетекшісі Дина Акрачкова айтып өтті.
Өз кезегінде НМСО бизнес-аналитигі Жанна Тайбергенова, порталды құрудың басты мақсаты қазақстандық кәсіпкерлердің көп бөлігін сатып алуға тарту, сондықтан порталдың кәсіпкерлер үшін пайдалы болуы мүмкін екенін түсіндірді.
- Кәсіпкерлерде сатып алу мен сауда алаңдарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және т.б. ұйымдардың квазимемлекеттік сектордың қолжетімді ыңғайлы механизмі бар. Сонымен қатар, барлық сауда алаңдарындағы сатып алуларға тікелей қатысу үшін, арнайы нұсқаулықтар мен ережелерде ақпараттар орналастырылған. Порталда өңірлер мен жеке тапсырыс берушілер бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемдерімен, сатып алу бағаларымен, бәсекелес өнім берушілерді талдаумен, Қазақстандағы сатып алу нарығының толық маркетингтік көрінісін алуға мүмкіндік беретін сервистер ұсынылады, - деді Жанна Тайбергенова.
Сонымен қатар, сатып алуды жүзеге асыратын компаниялар үшін «Сатып алудың бірыңғай терезесі» сатып алу процедураларын дұрыс ұйымдастыруға, қателіктерден аулақ болуға, жоспарлау кезінде тауарларға салмақталған бағаларды таңдауға, ұқсас сатып алуларды ұйымдастыратын әріптестердің ең жақсы тәжірибесін көруге және пайдалануға көмектесетін қызметтерді ұсынады.
Іс-шара барысында қатысушылар, платформаны әзірлеушілерден сұрақтарына жауап ала алды.