Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

25.11.2026

«Бәйтерек» холдингі қытайлық серіктестермен минералды тыңайтқыштар өндіретін ірі кешеннің құрылысын талқылады

Кеңес ал!

25.11.2026

«Бәйтерек» холдингі қытайлық серіктестермен минералды тыңайтқыштар өндіретін ірі кешеннің құрылысын талқылады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Wuhuan Engineering Co., Ltd. компаниясының басшысы Юй Синьмен және «ҚазАзот» АҚ акционері Бахаридин Аблазимовпен кездесті. Кездесуге Холдингтің еншілес ұйымдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басшылары да қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы Маңғыстау облысында «KazAzot PRIME» ЖШС-нің аммиак пен карбамид өндіретін кешенін салу болды. Бұл Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі.

Тараптар жобаның бүгінгі жай-күйін, жобалау, жабдықтау және құрылыс жұмыстарын қамтитын EPC келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалу барысын, сондай-ақ құрылыстың негізгі кезеңдері мен мерзімдерін талқылады. Тараптар «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін қаржы институттарының қатысуымен жобаны қаржыландыру құрылымын да егжей-тегжейлі қарастырды.

Жоба аясында жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіруге қауқарлы заманауи жоғары технологиялық кешен салынады. Кәсіпорын құрылысында әлемнің жетекші лицензиарларының озық технологияларын қолдану көзделген.

Жобаның бас EPC мердігері Wuhuan Engineering Co., Ltd. Қытайдың жетекші инжинирингтік компанияларының қатарына кіреді және China National Chemical Engineering Corporation (CNCEC) мемлекеттік корпорациясының құрамына енеді. Компанияның ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалау мен салуда 65 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның жобалар қоржынында химия, мұнай химиясы және газ химиясы салаларындағы көптеген халықаралық жоба бар.

Жоба Қазақстанда қосылған құны жоғары минералды тыңайтқыштарды ірі көлемде өндіруге және табиғи газды терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Бұл ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайтып, елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын шамамен 568 мың тонна өнімді экспортқа шығару жоспарланып отыр.

Кешеннің құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, Маңғыстау облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық әрі технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

KazAzot PRIME жобасын қолдау «Бәйтерек» холдингінің стратегиялық басымдықтарына сай келеді. Олардың қатарында өңдеу өнеркәсібін дамыту, ұлттық экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және экспортқа бағытталған жаңа өндіріс орындарын құру бар.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар