29.07.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында көзделген міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Басты мақсат – халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Бұл бағыттағы жұмыс холдингтің еншілес ұйымдары – «Отбасы банк» АҚ мен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Олар тұрғын үй құрылысына қаржыландыру, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды ұсыну, кешенді құрылыс механизмдерін дамыту және үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру бағыттарында жұмыс істейді.
Ипотекалық несиелеу және тұрғын үй жинақтары
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Отбасы банк» 33 985 заемды 690,3 млрд теңге сомасында берген. Оның басым бөлігі стандартты тұрғын үй заемдарына тиесілі – 24 891 заем, жалпы сомасы 533,9 млрд теңге. Сонымен қатар келесі бағдарламалар аясында несиелер берілді:
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске асырылуда. 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 37,2 млрд теңгеге 1 552 заем берілді. Бағдарлама өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларындағы жұмысшы мамандық иелеріне арналған. Қатысу үшін тиісті үлгідегі жұмыс орнынан анықтама және соңғы үш айда зейнетақы жарналарының түскені расталуы қажет.
Құрылыс жобаларын қаржыландыру және үлестік құрылысқа кепілдік беру
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы тұрғын үй құрылысына қаржыландыруды жалғастыруда. 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 67,1 млрд теңге көлемінде облигациялар сатып алынды. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 462,1 млрд теңгені құраған болатын.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру аясында 103,3 млрд теңге сомасына 15 жоба мақұлданды (3 883 пәтер, 353,4 мың м²). Бұған қоса, алдыңғы жылдардағы жобалар бойынша құрылыс салушылардың несиелері 117,7 млн теңгеге субсидияланды.
Кезекте тұрған азаматтар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау
Тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға есепке алынған күн мен табыс деңгейіне байланысты беріледі. Жалдау және несиеге берілетін тұрғын үйдің кемінде 70%-ы келесі сегіз санаттағы азаматтарға арналған: көпбалалы отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек баласы бар отбасылар, ардагерлер мен жесірлер.
«Отбасы банк» арқылы келесі шарттармен жеңілдетілген ипотекалық несиелер ұсынылады: