Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

03.04.2026

Жергіліктендіруден экспортқа дейін: «Бәйтерек» холдингі машина жасау саласын қолдау тетіктерін таныстырды

Кеңес ал!

02.04.2026

«Бәйтерек» холдингі Парижде өткен ЭЫДҰ жұмыс тобының отырысына қатысты

«Бәйтерек» холдингі Парижде өткен ЭЫДҰ жұмыс тобының отырысына қатысты

2026 жылғы 1–2 сәуірде ЭЫДҰ штаб-пәтерінде мемлекеттік меншік және жекешелендіру мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының 46-отырысы өтті. Аталған іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға үкіметтердің, квазимемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері жиналды. Күн тәртібінде мемлекеттік активтерді корпоративтік басқару, мемлекеттік меншікті басқарудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ Жұмыс тобының 2027–2030 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасының басымдықтарын айқындау мәселелері қаралды. Сонымен қатар жекелеген сессиялар мемлекеттік компаниялардағы тәуекелдерді басқару және мемлекеттік кәсіпорындардың қоғамдық міндеттері тақырыптарына арналды.

Реформалар мен жекешелендіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел аясында «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Алия Мырзағалиева мемлекеттік меншікке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға қатысты.

Холдингтің ЭЫДҰ алаңындағы іс-шараларға қатысуы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі ұстанымын нығайтуға және корпоративтік басқарудың озық стандарттарын отандық даму институттарының қызметіне енгізуге ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар