Кеңес ал!

20.03.2026

«Бәйтерек» холдингі Наурыз мейрамын атап өтті

«Бәйтерек» холдингі Наурыз мейрамын атап өтті

20 наурыз күні «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, сондай-ақ Холдинг тобына кіретін барлық ұйымдардың басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Холдинг басшысы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, бұл күннің ерекше маңызын атап өтті.

«Биыл Наурыз мейрамы мен Ораза айттың қатар келуі бұл күннің мәнін одан әрі тереңдете түседі. Бұл – бізді ізгілік, өзара құрмет пен қолдау құндылықтары төңірегінде біріктіретін, бірліктің маңызын еске салатын ерекше кезең», — деді ол.

Мерекенің ерекше сәттерінің бірі – Холдинг басшысы өткізген тұсаукесер рәсімі болды. Бұл көне қазақ дәстүрі баланың қадамы нық, жолы ашық болсын деген ізгі тілекті білдіреді.

Холдингтің әрбір еншілес ұйымы өз мерекелік алаңын ұйымдастырып, шараны ұлттық дәстүрлерге толы нағыз фестивальге айналдырды.

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі мерекенің ұйымдастырушылық және музыкалық бөлігін қамтамасыз етіп, домбырашылар мен әншілердің өнер көрсетуін, сондай-ақ «Қара жорға» флешмобын ұйымдастырды.

Qazaqstan Investment Corporation ұлттық ойындар алаңын ұсынды. Мұнда тоғызқұмалақ, асық ойыны, гір көтеру және садақ ату бойынша сайыстар өтті. Қатысушылар ұлттық ойындарды тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, қазақ халқының дәстүрімен жақынырақ танысты.

Өнеркәсіпті дамыту қоры XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ қолөнеріне арналған «Шеберлер қалашығын» таныстырды. Шақырылған шеберлер қамшы жасау, киізден бұйым дайындау және ұлттық зергерлік өнердің қыр-сырын көрсетті. Сонымен қатар қонақтар үшін зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, әр қатысушы өз қолымен жасаған бұйымын естелік ретінде алып кетті.

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы қазақ халқының мәдени мұрасын бейнелейтін тақырыптық фотозона ұйымдастырды. Дәстүрлі киіз үй, батырлар бейнесі, тазы мен бүркіт элементтері қонақтарға ұлттық нақыштағы ерекше атмосфера сыйлады.

Іс-шара «Бәйтерек» тобына кіретін барлық ұйымдарды біріктіріп, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған дәстүрлі алаңға айналды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар