27.03.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
27 наурызда Digital Qazaqstan 2026 ұлттық технологиялық форумы шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин және Astana Hub дербес кластерлік қорының бас директоры Мағжан Мәдиев стартаптарды қолдау және IT-экспортты дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және IT-компаниялардың қаржыландыру құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ олардың тұрақты өсуі мен халықаралық нарықтарға шығуы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Құжат «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының қаржы құралдарын және Astana Hub инновациялық экожүйесін біріктіреді. Кластер резиденттері Qazaqstan Investment Corporation арқылы қаржыландыруға, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы ставкаларды кепілдікті қолдауға және субсидиялауға, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі арқылы экспорттық келісімшарттарды сақтандыруға және экспорт алдындағы қаржыландыруға қол жеткізе алады.
«Технологиялық кәсіпкерлік бүгінде еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг ретінде қаржы құралдарының кең жиынтығына ие, ал Astana Hub стартаптарды дамыту үшін бірегей экожүйені құрды. Меморандумға қол қою осы мүмкіндіктерді біріктіруге және қаржыландыруға және кепілдік беру тетіктеріне қол жеткізуден бастап экспорттық нарықтарға шығу кезінде сүйемелдеуге дейін IT-компанияларға жүйелі қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Рустам Қарагойшин.
Тараптар технологиялық стартаптарды қолдаудың бірлескен бағдарламаларын іске қосуға, мемлекеттік кепілдік қолдау тетіктерін пайдалана отырып, банктік қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ акселерациялық және инвестициялық бағдарламаларды дамытуға ниетті. Бұдан басқа, Astana Hub резиденттері үшін Холдинг базасында жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін «бірыңғай инвестициялық терезені» қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылуда.
«Біз үшін бұл IT-компанияларды қолдаудың қаржылық инфрақұрылымын күшейтетін стратегиялық серіктестік. Бүгін біз олардың өсуінің негізгі кедергісін – өтімділік пен қаржыландыруға қол жетімділіктің шектелгенін көріп отырмыз. Осы сын-тегеурінге жауап ретінде біз «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, стартаптарға жеңілдікпен кредит берудің жаңа құралын, оның ішінде компаниядағы үлестерді материалдық кепіл қажеттілігінсіз қамтамасыз ету ретінде пайдалану мүмкіндігімен пысықтап жатырмыз. Холдинг құралдары мен біздің экожүйе мүмкіндіктерінің синергиясы қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге, жобаларды масштабтауды және олардың жаһандық нарықтарға шығуын жеделдетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Меморандумға қол қою елдің даму институттары мен технологиялық секторының әлеуетін біріктіре отырып, цифрландыру және жасанды интеллект жылының міндеттерін іске асырудағы практикалық қадам болды.