Кеңес ал!

06.01.2026

«Бәйтерек» холдингі клиенттер мен кәсіпкерлерге арналған Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

«Бәйтерек» холдингі клиенттер мен кәсіпкерлерге арналған Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы клиенттер мен кәсіпкерлерге арналған Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты. Аталған орталық Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарымен байланыста болатын клиенттер үшін орталықтандырылған коммуникация арнасы.

Бірыңғай байланыс орталығын құру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және заманауи, клиентке бағдарланған сервисті дамытуға бағытталған Холдингтің жүйелі жұмысының бір бөлігі. Өзара іс-қимылдың жаңа форматы барлық қолдау құралдары бойынша бастапқы консультацияны бір жерден алуға мүмкіндік береді және ақпаратты өз бетінше іздеу мен бірнеше ұйымға қатар жүгіну қажеттілігін жояды.

1408 бірыңғай нөмірі арқылы Холдингтің келесі еншілес және тәуелді ұйымдарының бағдарламалары бойынша кеңес алуға болады:

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры;
  • Өнеркәсіпті дамыту қоры;
  • Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі;
  • Қазақстанның Даму Банкі;
  • Qazaqstan Investment Corporation;
  • Қазақстандық тұрғын үй компаниясы (құқықтық мәселелер бойынша);
  • Аграрлық несие корпорациясы;
  • «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

Байланыс орталығының операторлары бастапқы консультация ұсынып, қолдаудың ең қолайлы құралдарын айқындауға көмектеседі және қажет болған жағдайда өтініштерді Холдингтің тиісті ұйымдарының салалық мамандарына жолдайды.

Бірыңғай байланыс орталығын іске қосу даму институттарымен өзара іс-қимылдың ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыруға, сондай-ақ бизнес пен өтініш берушілер үшін әкімшілік және уақыт шығындарын қысқартуға бағытталған. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып, клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарланған неғұрлым ықпалдастырылған жұмыс моделіне көшуін көрсетеді.

Бірыңғай байланыс орталығы сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Қоңыраулар 1408 нөмірі арқылы қабылданады және Қазақстан Республикасының барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін тегін.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар