Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.12.2024

«Бәйтерек» холдингінде мемлекеттік органдар мен еншілес компаниялардың баспасөз қызметкерлері бас қосты

12.10.2021

«Бәйтерек» холдингі Катардағы ірі сүт өндірушісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 «Бәйтерек» холдингі Катардағы ірі сүт өндірушісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

8 қазанда «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Мұрат Дәрібаев Холдингтің жеке еншілес ұйымдарының басшылығымен бірге Baladna Food Industries Катар компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Айдан Тынанмен кездесу өткізді.

Baladna Food Industries - бұл таза табиғи сүт пен сүт өнімдерін шығаратын сүт фермасы. Компания бұл өнімдерге Катар нарығының қажеттілігінің 95% дейін жабады.

DSC_0286.jpg

- Катардың ыстық климаты мен жоғары ылғалдылықты ескере отырып, бір сиырдан орташа сауылатын сүт күніне 38 литрді құрайды, ал Қазақстандағы ірі қазақстандық кәсіпорындарда бұл көрсеткіш орташа есеппен 25 литрді құрайды. Біз кеңейтуге ниеттіміз және бізге интернационализация қажет, - деді Айдан Тынан кездесуде. 

Катарлық инвесторлар мұндай тігінен біріктірілген жобаны шетелде жүзеге асыруға тілектерін білдіреді. Қазіргі уақытта Малайзия, Украина мен Қазақстан қарастырылуда. Бұл күндері катарлық компания Қостанай мен Алматы облыстарындағы еліміздің екі аграрлық холдингімен келіссөздер жүргізуде.

Өз кезегінде Мұрат Дәрібаев «Бәйтерек» холдингі қазақстандық компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылатын шетелдік жобаларға қолдау көрсететінін атап өтті. Мұндай ірі кәсіпорындар Холдингтің еншілес ұйымдары - Аграрлық несие корпорациясы, Қазақстанның даму банкі және Kazyna Capital Management үшін қызығушылық тудыруы мүмкін.


DSC_0307.jpg

«Сонымен қатар, біздің елде сіздің жобаңыз үшін қолайлы географиялық климат қана емес, сонымен қатар инвестициялық климат бар. Мемлекет Қазақстан экономикасына инвестиция салғысы келетін шетелдік компанияларға қолдау көрсетеді. Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингі, әсіресе, елдің агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік инвестицияларды тартуға мүдделі. Біздің еншілес компаниялар қолданыстағы қаржылық қолдау құралдары аясында шетелдік инвесторлардың жобаларын іске асыруға көмектесуге дайын, - деді Мұрат Дәрібаев.

Тараптар ынтымақтастықтың нұсқаларын және ұсынылған инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігін зерттеуге келісті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар