Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

26.01.2026

«Бәйтерек» холдингі инвестициялық модельге өтіп, еншілес ұйымдардың ребрендингін бастайды

Кеңес ал!

26.01.2026

«Бәйтерек» холдингі инвестициялық модельге өтіп, еншілес ұйымдардың ребрендингін бастайды

«Бәйтерек» холдингі инвестициялық модельге өтіп, еншілес ұйымдардың ребрендингін бастайды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылып, инвестицияларды тартуға және қосылған құны жоғары жобаларды кешенді сүйемелдеуге бағытталған жаңа жұмыс моделіне өтті. Трансформация аясында Холдинг еншілес және тәуелді ұйымдарды қамтитын кешенді ребрендингті іске асыруға кіріседі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің барлық қызмет бағыттары аясындағы қаржыландыру көлемі 10,3 трлн теңгеге жетіп, жоспарланған 10 трлн теңгеден асты. Қолдау шаралары ірі инвестициялық жобаларға, шағын және орта бизнеске, агроөнеркәсіптік кешенге, экспорттаушылар мен тұрғын үй секторына бағытталды.

Жаңа мәртебеде «Бәйтерек» холдингі елдің инвестициялық жүйесінің негізгі элементі ретінде жұмысын қайта құрылымдап, жобаларды іріктеуден бастап инвесторлар тарту мен қаржыландыруға дейінгі толық инвестициялық циклді қамтиды. Әкімдіктермен және салалық министрліктермен бірлесіп «Инвестицияларға тапсырыс» моделі аясында жалпы құны 87 трлн теңгеге шамамен 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Аталған жобалар экономикалық дамудың басым бағыттарына бағдарланған.

Инвестициялық модель шеңберінде Холдинг екі негізгі басымдыққа назар аударады: импортты алмастыруды және инфрақұрылымды дамытуды қолдау, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жобаларды ілгерілету.

Еншілес ұйымдардың кешенді ребрендингі Холдинг трансформациясының институционалдық және коммуникациялық құрамдас бөлігі. Оның мақсаты — бірыңғай инвестициялық экожүйені қалыптастыру, топ құрылымының ашықтығын арттыру және Холдингтің қаржылық әрі инвестициялық құралдарымен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы ету.

Бірыңғай бренд-архитектураға өту Холдинг пен оның даму институттарын тұтас қабылдауды қамтамасыз етіп, бизнес пен инвесторлар тарапынан сенімді нығайтуға және жаңа инвестициялық модельді айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ребрендинг еншілес ұйымдардың құқықтық мәртебесіне және операциялық қызметіне әсер етпейді және салалық ерекшеліктерді ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар