Кеңес ал!

21.10.2026

«Бәйтерек» холдингі бірыңғай кадр резервін даярлауда

«Бәйтерек» холдингі бірыңғай кадр резервін даярлауда

Басқарушылық дағдыларды дамыту және Маңғыстау облысының жобаларымен танысу Ақтау қаласында өткен «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай кадр резерві қатысушыларының жыл сайынғы көшпелі кездесуінің негізгі бағыттары болды. Бағдарлама стратегиялық сессияны, оқытуды және Холдингтің еншілес ұйымдарының қолдауына ие болған кәсіпорындарға баруды қамтыды.

Бірыңғай кадр резерві Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерін басшылық лауазымдарға даярлау мақсатында қалыптастырылады. Кездесуде қатысушылар Холдингтің жаңа Даму жоспарын, оның басымдықтарын іске асырудағы өз рөлін, сондай-ақ командада жұмыс істеу мен шешім қабылдаудың практикалық дағдыларын талқылады.

«Біздің міндетіміз қызметкерлердің әлеуетін ашуға және оларды жауапкершіліктің жаңа деңгейіне даярлауға жағдай жасау болып табылады. Оқытудың практикамен ұштасуы, ал қызметкерлердің бүкіл компаниялар тобының міндеттері мен жұмыс нәтижелерін түсінуі маңызды. Көшпелі кездесулер іске асырылған жобаларды жергілікті жерде көріп, даму институттарының шешімдері бизнес пен өңірлер экономикасына қалай әсер ететінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Холдингтің аппарат басшысы Дина Акрачкова.

Бағдарлама аясында кадр резервінің қатысушылары Ақтау теңіз сауда портына барды. Онда Холдингтің компаниялар тобының қолдауымен өткізу қабілетін арттыру мақсатында портты солтүстік бағытта кеңейту жобасы іске асырылған. «ҚазАзот» кәсіпорнында қатысушылар аммиак пен аммиак селитрасы өндірісімен танысты. Өңірдің химия саласын одан әрі дамыту, соның ішінде KazAzot Prime карбамид-аммиак кешенінің құрылысымен де байланысты.

Сондай-ақ қатысушылар Қарақия ауданындағы ҚДБ-ның қаржылық қолдауымен іске асырылған «Sarkylmas Kuat» ЖШС-нің қуаты 50 МВт жел электр станциясына және Батыр ауылындағы OMIR глэмпингіне барды. «Даму» қорының қолдауымен туристік кешен инфрақұрылымын кеңейтіп, капсулалық үйлер сатып алуда және аумағын абаттандыруда.

2024–2026 жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, энергетика және туризм салаларындағы 84 ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді.

Холдингтің кадрлық әлеуетін дамыту халықаралық тәжірибе алмасуды да көздейді. Baiterek Business University корпоративтік университеті базасында шетелдік серіктестермен тағылымдамалар мен бірлескен оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктері пысықталуда. Германияның қаржы институттарымен бірлескен академия құру, практикалық білім алмасу және тұрақты оқу курстарын өткізу мәселелері талқыланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар