06.11.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай кадр резервіне қатысушылар Ақтөбе облысындағы алты кәсіпорынға барды. Олар өндірістік процестермен және Холдингтің компаниялар тобының қолдауымен іске асырылған жобалардың нәтижелерімен танысты.
Бірінші күні қатысушылар Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды. Кадр резервіне енген мамандарға балқыту және өндірістік ресурстарды қайта пайдалану технологиялары таныстырылды.
Ақтөбе рельс-арқалық зауытында олар ұзындығы 120 метрге дейінгі теміржол рельстерін өндіру үдерісімен және сапаны бақылау зертханасының жұмысымен танысты. Екі кәсіпорын да Қазақстанның Даму Банкінің қолдауына ие болған.
Бағдарлама ішкі нарық пен экспортқа арналған керамогранит және керамикалық плитка шығаратын «Зерде-Керамика Актобе» ЖШС-де жалғасты. Кәсіпорынға жабдық сатып алуды Өнеркәсіпті дамыту қоры қаржыландырған. Қазіргі уақытта компанияға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетіп келеді.
Екінші күні қатысушылар Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен құрылған «АКМЭЗ» ЖШС-нің май экстракциялау зауытына барды. Кәсіпорын күнбағыс пен мақсарыны өңдеп, өсімдік майы мен шрот өндіреді. Зауытпен ынтымақтастық жергілікті шаруаларға ауыл шаруашылығы шикізатын өткізуге мүмкіндік береді.
«Айс-плюс» кәсіпорнында резервке қатысушылар балмұздақ пен сүт өнімдерінің өндірісімен танысты. Компания ферма мен өңдеу өндірісін біріктіретін жеке сүт кластерін дамытып келеді. Жаңа балмұздақ цехы «Даму» қорының қолдауымен «Даму Өндіріс» бағдарламасы аясында ашылған.
Бағдарлама «Samal Cakes» ЖШС-ге барумен аяқталды. «Даму» қорының қолдауымен кондитерлік өндірісін дамытып келе жатқан компания үй жағдайындағы кәсіптен Қазақстанның бірнеше қаласында жұмыс істейтін кондитерлік дүкендер желісіне айналған.
Сапар резервке қатысушыларға қаржылық құралдардың іс жүзінде қолданылуын зерделеуге және кәсіпорындардың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе болашақ басшыларға жобаларды өндіріс ерекшеліктері мен өңірлер экономикасына қосатын үлесін ескере отырып бағалауға көмектеседі.