Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

11.10.2024

«Байтерек» холдингі Австрия компанияларымен машина жасау және АӨК саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

05.07.2022

«Бәйтерек» холдингі қазақстандықтар үшін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынады

«Бәйтерек» холдингі қазақстандықтар үшін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев қазақстандықтардың баспаналы болу мүмкіндігін арттыра түсетін ұсыныс жасады.

Холдинг басшысы тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді сейсенбі, 5 шілдеде өткен ҚР Үкіметінің отырысы барысында айтты.

Әкімдіктерді облигациялық қорландыруды кредиттік тұрғын үй құрылысына ғана емес, сондай-ақ апаттық жағдайдағы және ескірген тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламаларына бағыттау жасалған ұсыныстардың бірі болды.

Холдинг басшысының айтуынша, қорландыру жылдық 4,25%-бен, револьверлік негізде 2 жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін. Ұлттық банктің 2020 жылы бөлінген 180 млрд. теңгесін қаражаты көзі етуге болады. Осы қаражат қайтарылатын мерзім 2024 жылы басталады, осыған байланысты қаражатты қайтару мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту ұсынылды.

- Бұл бүкіл ел бойынша 45 мыңға жуық пәтерді жаңартуға мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық даму тұжырымдамасына қажетті өзгерістер әзірленіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданды, - деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ, ол айтқандай, зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарламасының аяқталуына байланысты, 500 млрд. теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныс өтелмейді деп болжам жасалып отыр. Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады.

Мәселен, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылады: бастапқы жарна 20%-дан бастап, кредит мерзімі 20 жылға дейін, қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн. теңгеге дейін, міндетті түрде төлем қабілеттілігі расталуы қажет.

- Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидиялануы тиіс. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады, - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта, Қаржы министрлігінде бюджеттік өтінім қаралуда.

Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын.

Атап өтетіні, осы жылдың 6 айында облигацияларды сатып алу механизмі арқылы кредиттік тұрғын үй салуға әкімдіктер жалпы сомасы 126,4 млрд. теңгеге қаражат берді. Бұған қоса, осы жылдың соңына дейін 162,2 млрд. теңгеге жергілікті атқарушы органдардың облигациялары сатып алынатын болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында халыққа жалпы сомасы 649,7 млрд. теңгеге 38,9 мың жеңілдікпен қарыз берілді. Отбасы банк жүйесінде 1,89 трлн. теңгеге 2,39 млн. келісімшарт жасалған.

Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша 15 жоба, яғни ауданы 589 мың шаршы метр болатын тұрғын үй жалпы сомасы 97 млрд. теңгеге кепілдендірілді. Бұл 7 мың азаматтың салымдарын қорғауға мүмкіндік берді.

Жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бойынша жалпы сомасы 3,5 млрд.теңгеге, ауданы 170 мың шаршы метр тұрғын үй жобасы мақұлданды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысын субсидиялау тетігі іске асырылуда. Отбасы банк 6 мыңнан астам өтінімді мақұлдады.

Өтінім беру процесі автоматтандырылған, otbasybank.kz платформасында бағдарлама талаптарына сәйкес келетін кез келген қазақстандық ЭЦҚ арқылы субсидиялауға өтінім бере алады.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, қазір қаралып жатқан өзгерістер әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға қатысты. Олар жалақы, жеке кәсіпкерліктен түсетін және ақылы қызмет көрсету туралы шарт бойынша кіріспен қатар табыс ретінде есептеліп отыр. Дәл осы себеппен бағдарламаға қатысқан 1000-нан астам адамға субсидия беруден бас тартылды.

- Осыған байланысты, бүгінгі таңда, тиісті құқықтық актілерге әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды табыс санатынан алып тастау бойынша өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл бұрын осы себеппен бас тартылған азаматтарға қайтадан өтінім беріп, субсидия алуына мүмкіндік береді, - деп хабарлады Холдинг басшысы.

Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қаражатты уақытылы аудару мақсатында жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілуде.

17 өңір бойынша жағдай мынадай: бір өңірден қаражат келіп түсті, бес өңірде келісімдерге қол қойылды, сегіз өңірде қаражатты аудару туралы шартқа қол қойылуда, үш өңірде мәслихат сессиясы өтпеген.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Қанат Шарлапаев сөз барысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрғандардың тізімін жүргізу мақсатында Отбасы банк әзірлеп жатқан «Бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы» ақпараттық жүйесіне тоқталды.

Осы міндетті іске асыру үшін мемлекеттік деректер қорының 18 сервисіне сұрау жасалды, оның 16-сы тестілік режимде қосылды. Мемлекеттік техникалық қызметтің аттестаттауынан өту үшін бағдарламалық жасақтама мен инфрақұрылым тестілеуден өткізілуде.

Бүгінгі таңда, кезекке қою, кезекте тұрғанды ауыстыру, кезектен алып тастау және негізгі деректерді жаңарту функционалдарын іске асыру бойынша міндеттердің әзірлігі шамамен 60% құрайды. Тестілеу болжам бойынша 2022 жылғы тамызда аяқталады.

- «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын іске қосу үшін тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдау қажет, сондай-ақ кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесінің қолданыстағы базасын Банкке беріп, одан кейін базаны өндірісте сынау керек (болжамды мерзім – 120 күн) - деп түсіндірді Басқарма төрағасы.

Қанат Шарлапаев қорытындылай келе, ағымдағы жылдың алты айында тұрғын үй құрылысы аясында алға қойылған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілгенін атап өтті. Міндеттерді уақытылы орындау бағытында жұмыс жалғастырылатын болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар