Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

26.06.2026

«Бәйтерек» холдингі «Атамекен» ҰКП семинарында корпоративтік басқаруға жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті

Кеңес ал!

26.06.2026

«Бәйтерек» холдингі «Атамекен» ҰКП семинарында корпоративтік басқаруға жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті

«Бәйтерек» холдингі «Атамекен» ҰКП семинарында корпоративтік басқаруға жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен бөлісті

25 маусым күні Астанада Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы  «Корпоративтік басқару: негіздері, үздік тәжірибелер және өңірлік аспект» тақырыбындағы семинарында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Корпоративтік өзара іс-қимыл департаментінің директоры Ардақ Жұмағалиев баяндама жасады. Іс-шараны «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес ұйымдастырып, оған өңірлік кеңестердің мүшелері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қызметкерлері қатысты.

Ардақ Жұмағалиев өз баяндамасында Холдингтің цифрлық трансформация саласындағы тәжірибесін және жасанды интеллект құралдарын компаниялар тобының корпоративтік басқару жүйесіне жүйелі түрде енгізу бағытындағы жұмысты таныстырды.

Баяндамашы цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы осы жұмыстың стратегиялық маңызын айқындайды. Ал жасанды интеллектті кең ауқымда енгізуге бағытталған жалпыұлттық стратегияны іске асыру квазимемлекеттік сектордан корпоративтік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты талап етеді.

Баяндама барысында Холдингте жасанды интеллектті қолданудың төрт негізгі бағытына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді басқару, корпоративтік жасанды интеллект платформасын дамыту және корпоративтік басқаруға арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу мәселелері қамтылды. Бүгінде жасанды интеллект технологиялары инвестициялық жобаларды алдын ала талдау, рекрутинг процестерін автоматтандыру, компаниялар тобының бірыңғай цифрлық экожүйесін дамыту және ішкі корпоративтік сервистерді әзірлеу барысында кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар Холдингте іске асырылып жатқан бірқатар цифрлық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында Blife корпоративтік порталымен біріктірілген бірыңғай жасанды интеллект платформасы, еншілес ұйымдардың Басқармасы мен директорлар кеңестерінің отырыстарын цифрлық форматта ұйымдастыруға арналған алқалы органдар порталы, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби құзыреттері мен AI сауаттылығын дамытуға бағытталған Baiterek Business University корпоративтік білім беру платформасы бар.

Ардақ Жұмағалиев биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Холдинг қызметкерлерінің 60 пайызы жасанды интеллект бойынша оқудан өткенін, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жететінін атап өтті. Оның айтуынша, Холдингте жасанды интеллект адамды алмастыратын құрал ретінде емес, қызметкерлердің талдамалық және басқарушылық мүмкіндіктерін күшейтетін технология ретінде қарастырылады.

«Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект жекелеген ұйымдардың технологиялық дамуының ғана көрсеткіші емес. Бұл – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің, корпоративтік процестердің ашықтығын арттырудың, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартудың және корпоративтік басқарудың тиімділігін күшейтудің маңызды құралы», – деді А. Жұмағалиев.

Семинарға қатысушыларға сондай-ақ Холдингтің жасанды интеллект инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды. Олар корпоративтік ортада жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін жергілікті есептеу қуаттарын қалыптастыруды және заманауи технологиялық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар