27.02.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстан тұрғын үй компаниясы ұжымымен кездесті

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстан тұрғын үй компаниясы ұжымымен кездесті
   24 ақпанда «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті. Холдинг басшысы Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының негізгі міндеттерін айтты.
   «ҚТК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев 2022 жылғы басты нәтижелер туралы айтып, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 
   «2022 жылы «ҚТК» АҚ-ның қолдау құралдары есебінен 2009 жылдан бастап пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10 млн-нан астам шаршы метрді құрады. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй шеңберінде 331 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. «Тұрғын үй порталы» АЖ және құрылыс материалдарының онлайн-платформасы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Сондай-ақ, Moodys Investors Servise- Baa3 рейтингі расталып, болжам «тұрақты» деңгейінде», - деді Алтай Шоқанұлы. 
   2021 жылғы жылдық есептер байқауының қорытындысы бойынша ҚТК «Қаржы секторындағы 2021 жылғы үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Холдинг төрағасы Қанат Бисимбайұлы ұжымды осы жеңісімен құттықтап, одан әрі де үлкен жетістіктерге жетуді және өз саласы бойынша жаңа биіктерді бағындыруды тіледі. 

DSC_0054.jpg


IMG_9024.jpg


IMG_9026.JPG

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар