25.02.2021

Құрылыстың рекордтық көлемі және жаңа тұрғын үй саясаты

Құрылыстың рекордтық көлемі және жаңа тұрғын үй саясаты

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Холдинг Басқармасы Төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев «Бәйтерек» холдингінің осы саладағы қызметі туралы баяндама жасады.

- 2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн.шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17% -ға жоғары.

Осы жерде "Бәйтерек" холдингінің құралдары рекордтық көлемге қол жеткізуде негізгі қолдау көрсетті. Ол үшін біз жергілікті атқарушы органдарды 281,2 млрд теңгеге қаржыландырдық, - деді Әнуар Омарқожаев.

Осылайша, 28 мың пәтерді немесе елде салынған тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ын әкімдіктер белгіленген бағамен өткізді. Отбасы банкі арқылы, сондай-ақ «Бақытты отбасы» және «5-10-20» әлеуметтік бағыттары бойынша халыққа 145,7 млрд. теңгеге 14,3 мың жеңілдетілген қарыз берілді.

- Ағымдағы жылы біздің алдымызға аңағұрлым биік міндет қойылды – бұл барлық қаржы көздері есебінен 17 млн.шаршы метр немесе 163 мың тұрғын үй салу.Ол үшін осы салаға инвестициялар көлемін едәуір ұлғайту қажет, - деп атап өтті.

Биыл «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере отырып, ішкі және ресейлік нарықтардан қаржы ресурстарын тартуды жоспарлап отыр. Әнуар Омарқожаевтың айтуынша, әлеуетті инвесторлар ретінде коммерциялық банктер, сақтандыру және қаржы ұйымдары қарастырылуда. Осылайша, шамамен 300 млрд теңге тарту жоспарлануда. Бұл кезекте тұрған 31,3 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Ануар Омарходжаев

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының жұмысын автоматтандыру

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Осыған байланысты, «Бәйтерек» холдингі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қосымша тетіктер әзірледі.

- Бірінші кезекте, Отбасы банк базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатын болады, ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды және кезекке қоюды бір орталықтан жүзеге асыратын болады, - деді Әнуар Омарқожаев.

Әнуар Омарқожаев бұл Орталық жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорымен біріктірілетінін атап өтті.

- Біз блокчейн және смарт бридж технологияларын қолдана отырып, барлық бизнес-процестерді автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл, азаматтарды есепке алу мен тұрғын үйді бөлуде адами факторға жол бермей, ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, құжаттарға қол қою және тіркеу уақыты 3 есеге, яғни 3 күннен 1 күнге қысқарады, - деп түсіндірді «Бәйтерек» холдингі басшысының орынбасары.

Холдинг Байтерек

Құрылыс салушыларды қолдау

Әнуар Омарқожаевтың айтуынша, бүгінде - қазір тұрғын үй құрылысындағы басты проблемалардың бірі – құрылыс компанияларын қорландырудың «қымбаттығы». Сондықтан, бос кепілдің жоқтығынан банктерден коммерциялық кредит ала алмайтын құрылыс салушылар үшін жобалық қаржыландыру тетігі пысықталуда.

- Осы мақсаттар үшін тұрғын үй құрылысының бірыңғай оператор осы мақсатта нарықтан 100 млрд. теңге тартуды жоспарлап отыр, бұл белгіленген бағалар бойынша қосымша 9 мың пәтер салуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті.

Тұрғын үйді өз бетінше, оның ішінде халық қаражаты есебінен тұрғын үй салатын құрылыс салушыларға кепілдіктер мен субсидиялар беруді жалғастырады. Өткен жылы осы құралдар арқылы жобаларға 145 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл халықтың коммерциялық нарықтан 9 мың пәтер сатып алуға салған салымдары қорғалды, сондай-ақ құрылыс компаниялары үшін кредиттер құны орта есеппен 50%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Құрылыс салушылардың рейтингі

-Сонымен қатар, жауапсыз құрылыс салушылардың үлескерлік құрылыс саласындағы заңнаманы бұзуы бөлек проблема болып табылады. 

- Өткен 2 жылда осындай 123 компания анықталды. Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үй туралы уәде беріп, әртүрлі кооперативтер, одақтар, пайлық жарналар арқылы халықтың салымдарын ашық түрде пайдаланады.  Объектілердің құрылысын «қаңқа»  деңгейіне дейін жеткізе отырып, мұндай компаниялар ресми рұқсат алу үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді. Мұндай жағдайларда тұрғын үй құрылысын аяқтауға ешкім қаржылық кепілдік бермейді. Сондықтан қолданыстағы екі тәсілді ғана сақтау ұсынылады: ЕДБ арқылы кепілдік беру және жобалық қаржыландыру тетігі, - деп түсіндірді холдинг Басқармасы Төрағасының орынбасары.

Осыған байланысты құрылыс салушылардың қаржылық жағдайын, жұмыс тәжірибесі мен іскерлік беделін ескеретін құрылыс компанияларының рейтингі әзірленетін болады.

- Жоғары рейтинг алған компаниялар үшін кепілдендірудің қолданыстағы тетігі сақталып отыр. Рейтингі төмен компаниялар үшін бірыңғай оператор белгіленген бағалар бойынша халықтан үлестік салымдарды тікелей тартатын және арнайы эскроу-шоттағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін болады. Өз кезегінде коммерциялық банктер халыққа салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға қосымша кепілсіз ипотека бере алады, - деді Әнуар Омарқожаев.

Сондай-ақ үлестік салымдарды заңсыз тартқаны және/немесе қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін құрылыс салушылардың жауапкершілігін қатаңдату ұсынылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар