Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары

Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары

Жалпы ақпарат

«Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – 2021 – 2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары)  «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жалғасы болып табылады. Қазақстанның экономикалық стратегиясын өзгертуде.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ активтерін жекешелендірудің ағымдағы жағдайы

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚИҚ) акцияларының жүз пайызын сату арқылы бәсекелес ортаға беру бойынша іс-шараларды аяқтады. 2021 жылдың 5 қазанынан бастап ҚИҚ Холдингтің еншілес ұйымы болып табылмайды. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 27 қазанда Холдингтің активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен 10 602 471 183 теңге сомасында барлық қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылды.

Нормативтік құқықтық актілер

«2021 - 2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы No 908 қаулысы

«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысы

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар