Кеңес ал!

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 Қаулысы

 

Тұжырымдама паспорты

Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - АӨК дамыту тұжырымдамасы)

Іске асыру мерзімдері

2021 – 2030 жылдар

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Нысаналы индикаторлар

1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру;

2) бидайдың өнімділігі 2030 жылы - 20 ц/га;

3) 2030 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі - 10 %;

4) 2030 жылы отандық тұқымдармен қамтамасыз ету деңгейі - 80%-ға дейін;

5) 2030 жылы ғылыми негізделген нормадан минералды тыңайтқыштарды енгізу - 50 %-ға дейін;

6) азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз ету деңгейі кемінде 90 %;

7) 2030 жылы өз өндірісінің негізгі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету: алма - 100%, шұжық өнімдері - 100 %, ірімшік және сүзбе - 100%, қант - 83%, құс еті -100 %;

8) Агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімнің үлесі (сүт, ет, майлы дақылдар, күріш, жүгері, қарақұмық) - 70 %-ға дейін;

9) 2030 жылы АӨК экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі - 70 %;

10) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2020 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге ұлғайту;

11) ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемін 4,2 есеге ұлғайту;

12) тамақ өнімдерін өндіруге негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемін 3,4 есеге өсіру;

13) ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі - ЖІӨ-нің 0,5 %-ы;

14) ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы эрозияға ұшыраған жерлердің алаңы 2030 жылы жердің жалпы алаңына пайыздық қатынаста – 28,4 млн га;

15) 2030 жылға қарай іске асырылған инвестициялық жобалар саны – 1525;

16) АӨК-тегі инвестициялық жобалар шеңберінде 2030 жылға қарай 44 мың жұмыс орнын құру (26,4 мың тұрақты және 17,6 мың уақытша);

17) ауыл халқының табысын арттыру тәжірибесін кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай 350 мың жұмыс орнын құру;

18) 2030 жылы АӨК-те енгізілген аяқталған ғылыми әзірлемелердің үлесі - 40 %;

19) 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары (тамшылатып суару, жаңбырлатып суару) қолданылатын жердің ауданы – 1362,2 мың га;

20) 2030 жылы тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басының үлесі – 43 %.

Күтілетін нәтижелер

Логистика объектілері мен ұсақ өндірістерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қажетті инфрақұрылым құру.

Ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жеті ірі экожүйені қалыптастыру.

Пайдаланылмайтын учаскелерге салықтық жүктемені ұлғайта отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану. Егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жеделдету, топырақты мелиорациялау мен қалпына келтіру тәсілдерін жаңғырту.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперациясын дамытуды ынталандыру жөніндегі тетіктерді – өңірлік азық-түлік хабтарын енгізу.

 

Холдингтің еншілес және тәуелді компанияларының тұжырымдаманы іске асыруға қатысуы

Холдингтің еншілес және тәуелді компаниялары бюджеттік, меншікті және тартылған қаражат есебінен қаржылық қызметтер көрсету арқылы АӨК дамыту тұжырымдамасын іске асыруға қатысады. АӨК дамыту тұжырымдамасын іске асыруды 2021 жылғы наурызда Холдингке қосылған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кірген Холдингтің мамандандырылған салалық еншілес және тәуелді ұйымдары жүзеге асырады. Бұл компаниялардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) инвестициялық жобаларға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит береді, АӨК субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларға қор құяды.

Қаржыландыру сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды ескере отырып, жылдық 1,5%-дан (егіс және егін жинау науқандарын жүргізуге арналған бюджет қаражаты есебінен) жылдық 6%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және өңдеуге арналған бюджеттен тыс қаражат есебінен), сондай-ақ жылдық 12,6% белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады. Кредит беру мерзімі қорландыру көздеріне байланысты 15 жылға дейін.

2021 жылғы желтоқсанда АНК-ға микрокредит беру, АӨК сақтандыру саласындағы оператор функциялары беріле отырып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – АШҚҚҚ) қосылды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ (бұдан әрі – ҚАҚ) ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы лизингке сатып алу бойынша қызметтерді ұсынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг 2022 жылғы 25 шілдеде АНК-ға ҚАҚ акцияларының 100%-ын берді.

Сатып алынатын техниканың түріне байланысты 10 жылға дейінгі мерзімге субсидиялауды ескере отырып, жылдық 6%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша, сондай-ақ жылдық 12,6% белгіленген мөлшерлеме бойынша ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы лизингке сатып алуға болады. Бұл ретте лизинг алушының мемлекеттен ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-на дейінгі мөлшерде субсидиялар алуға мүмкіндігі бар, онымен аванстық төлемді төлеуге болады.

Холдинг компаниялары беретін қарыздардың қаржыландырылатын жобаның салалық ерекшелігіне байланысты негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі болады. Кепіл саясаты екінші деңгейдегі банктермен салыстырғанда клиенттерге қолайлы, ауылдық жерлердегі өтімділігі төмен кепіл мүлкін қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаржылық қолдау бағдарламаларының шарттары туралы толығырақ ақпаратты Холдингтің аталған компанияларының сайттарынан немесе компаниялардың жақын филиалдарына хабарласу арқылы алуға болады.

АӨК қаржыландыру

млрд. теңге

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Қаржыландыру көлемі

522,3

529,1

822,3

1 118,2

АНК

351,2

350,3

598,1

814,2

ҚАҚ

171,1

178,8

224,2

304

АӨК дамыту тұжырымдамасының міндеттері шеңберінде 2026 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша АНК мен ҚАҚ аграрлық секторды қаржыландыруға 350,2 млрд теңге бағыттады (орындау 30%). Оның ішінде АНК АӨК субъектілерін 301,1 млрд теңгеге, ҚАҚ 49,1 млрд теңгеге қаржыландырды.

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар