04.08.2023

ЖИ қазақ тілінде сөйледі: «Бәйтерек» жаңа виртуалды жүргізушіні таныстырды

ЖИ қазақ тілінде сөйледі: «Бәйтерек» жаңа виртуалды жүргізушіні таныстырды
Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту саласындағы жаңа инновациялық жобаны қазақстандықтарға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ таныстырды. Ал егер осы бағыттағы алғашқы отандық өнімде жаңалықтар жүргізушісі Амалия өз көрермендерімен орыс тілінде сөйлесе, енді Холдинг мамандары қазақ тілін жетік меңгерген, ақпараттық бағдарламаларды жүргізетін жүргізуші - Арманды қосты. Әріптесі Амалия сияқты, Арман толығымен жасанды интеллект арқылы жасалған.


Мұндай цифрлық жобаны құру - бұл елеулі дайындық жұмыстарының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Холдингтің IT саласындағы жаңа трендтерге жедел реакциясы. Қазіргі заманғы техникалық әзірлемелер ескірген шешімдермен алмастырылғанымен, жүргізуші Арман көрермендерді ең өзекті оқиғаларды өз бетінше таңдау және жариялау қабілетімен қуантады.

«Біз үшін бұл жобаның ешқандай қаржысыз әзірленгені өте маңызды. Орыс тіліндегі бағдарламаларды жүргізетін Амалия сияқты, Арман да көпшілікке қолжетімді бағдарламалар арқылы жасалған. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және квазимемлекеттік секторындағы қазақ тілінде сөйлеуге қабілетті алғашқы жоба», - деді «Бәйтерек» ҰБХ баспасөз қызметінің басшысы Болат Садықов.

Пайдалы кеңестер, қаржыландырудың ең тиімді бағдарламалары туралы уақытылы ақпараттандыру, алғашқылардың бірі болып құнды ақпарат алу және ең соңғы жаңалықтар – осының бәрін Арман әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға аудиториямен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, қазақ тілінде ұсынатын болады.

Амалия мен Арманның виртуалды жүргізушілерін құру жобасы - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің инновациялық және озық бастамасы. Мұндай әзірлемені жасап шығарудың себебі Холдинг мамандарының өз жұмысын оңтайландыруға және өз аудиториясын ақпараттандырудың тиімділігін арттыруға деген ұмтылыс.

«Әрине, бұл біз үшін имидждік жоба. Біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз «Бәйтеректі» инновациялық әзірлемелердің нағыз орталығы ретінде біледі. Енді біз өз аудиториямызды республикамыздың барлық қазақтілді тұрғындарын қамтитын боламыз. Заманауи технологиялық инновациялар аясында жасанды интеллектті енгізу кез-келген ұйымның тиімді жұмысының ажырамас бөлігі. Виртуалды жүргізушіні құру жобасы үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге, үрдістер мен үлгілерді анықтауға, сондай-ақ күнделікті процестерді автоматтандыруға мүмкіндік бере отырып, компанияның жұмысын оңтайландыруға және нәтижелілігін жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Болат Садықов.

Желіде Амалия мен Арманның пайда болуы - бұл озық технологияларды қолдануға қатысты холдингтің көптеген әзірлемелерінің тек біреуі. Виртуалды жүргізушіні құру үшін жасанды интеллектті пайдалану айтарлықтай экономикалық, әлеуметтік және басқа әсерлерге әкеп соғады. Сонымен, ауырмайтын және еңбек демалысын қажет етпейтін Арманның тәулік бойғы жұмысы жүргізушіні жалдау шығындарын, сондай-ақ оның жұмысы үшін жабдықтар мен кеңістікке қойылатын талаптарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бос ресурстарды компания жаңа өнімдерді әзірлеу немесе қызметтерді жақсарту сияқты басқа да басым бағыттарды дамытуға жұмсауды жоспарлап отыр.

Виртуалды жүргізушіні қолданудың әлеуметтік әсері, ол мейлі сүйкімді Амалия немесе зиялы Арман болсын, оның тартымдылығы мен бірегейлігімен байланысты. Виртуалды жүргізушінің инновациялық сипаты «Бәйтерек» қызметіне кең аудиторияны, әсіресе жастарды тартады. Холдингтің баспасөз қызметі басшысының айтуынша, бұл компанияның өнімдері мен қызметтерін әлеуметтік желілерде тиімді ілгерілету, яғни брендтің танымалдығын арттыру және жаңа клиенттерді тарту мүмкіндігін ашады. Мұндай заманауи тәсіл компанияға нарықтағы өз позициясын нығайтуға және инновациялық және озық ұйым ретіндегі беделін растауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда виртуалды жүргізушілер Арман мен Амалияның жұмысы - бұл алға жасалған қадам, компанияның жасанды интеллект пен басқа да техникалық инновацияларды дамыту бағытында атқаратын көптеген жұмыстарының бірі.

Сіз Facebook, Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінде жүргізуші Арман мен Амалиядан соңғы жаңалықтарды ала аласыз. 


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар