05.09.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2025 жылғы 5 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Astana Finance Days 2025 шеңберінде өткен «Мүмкіндіктердің жаңа картасы: өңірлер инвестициялық өсім орталықтарына қалай айналады» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.
Пікірталас «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Айбол Арғынғазиновтың, Teez платформасының теңқұрушысы Линар Хуснуллиннің және «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ президенті Қайрат Еламановтың қатысуымен өтті.
Өз сөзінде Жандос Шайхы өңірлердегі инвестициялық белсенділікті жеделдету жөніндегі Холдингтің көзқарасын таныстырды: «Бәйтерек» холдингі, «Kazakh Invest» және әкімдіктердің қатысуымен пилоттық өңірлік инвестициялық хабтарды іске қосу; синдикатталған қаржыландыруды кеңейту (екінші деңгейлі банктердің – ЕДБ үлесін арттыру); жобаларды коммерциялық дайындыққа жеткізу мерзімдері мен жеке бірлесіп қаржыландыру көлеміне қатысты KPI енгізу.
Аталып өткендей, «Бәйтерек» холдингі инвестициялық циклдің катализаторы ретінде әрекет етеді: капиталды шоғырландырып, бизнестің тәуекелдерін бөліседі. Жыл соңына дейін 8 трлн теңгеге дейін қаржыландыру жоспарлануда, оның ішінде 1 трлн теңге көлемінде капиталдандыру қарастырылған. Басымдық металлургия, мұнай өңдеу, АӨК және энергетика салаларындағы жобаларға беріледі.
«Біздің басты міндетіміз — жобаларды тезірек практикалық іске асыруға жеткізу және инвесторлар үшін болжамдылықты арттыру: инфрақұрылымдық тар жерлерді жою, әкімшілендіруді жеңілдету және синдикатталған қаржыландыруды кеңейту. Бұл өңірлік деңгейде тұрақты өсім нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ол.
2025 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6,3% болды, бұл басым салалар мен өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы негіз қалыптастырады. Сондай-ақ 2024 жылы Холдингтің негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 19,4 трлн теңгеге жетті (+7,5% жылдық өсім), бұл іскерлік белсенділіктің қалпына келгенін растап, жеке капиталды әрі қарай тарту үшін берік негіз қалыптастырады.