09.07.2018

Ынтымақтастықтың жаңа перспективалары

Ынтымақтастықтың жаңа перспективалары

5 шілдеде Астана қаласында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушылық холдингі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Ануар Омарходжаев пен Қазақстан мен Өзбекстандағы Сингапур елшісі-бейрезиденті  Зулкифли бин Бахарудиннің кездесуі болып өтті.

Келіссөздер барысында А. Омарходжаев Қазақстан мен Сингапур арасындағы көп жылдық серіктестік қатынастарда экономикалық ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті.

«Біздің кездесу Елбасының бастамасы бойынша құрылды және жаңа қаржы және инвестициялық магнит реітнде бұл кездесу «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылу күні өтуде. Біздің холдинг қызметінің негізгі бағыттарының бірі – инвестициялар тарту, сондықтан біз АХҚО-ның жұмысынан ерекше сеніммен тиімділікті күтеміз. Сондай-ақ, біздің холдинг пен еншілес ұйымдар белсенді қатыса алатын жаңа қазақстандық-сингапурлық жобалар үшін негіз болады деп сенеміз», – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары.

Келешекте маңызы зор ынтымақтастық бағыттарын талқылау шеңберінде холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары – Қазақстанның Даму банкі, «Бәйтерек Девелопмент», Тұрғын үй-құрылысына  кепілдік беру  қоры,  Kazakhstan Project Preparation Fund, Kazakh Export, KazynaCapitalManagement – компанияның қызметі туралы және сингапурлық инвестицияларды тарту мүмкіндіктері туралы айтты. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстанда сингапурлық капиталмен 184 кәсіпорынның тіркелгендігі анықталды.

Елші Зулкифли бин Бахарудин халықаралық аренада қазақстандық-сингапурлық қарым-қатынастардың ерекше мәртебесіне тоқталып өтті.

«Біз барлық бағыттар бойынша бірлесе жұмыс жасаймыз, себебі алдыға қойған міндеттеріміз де, даму шарттарымыз да бір. Біздің елдер – қысқа мерзімдер ішінде жоғңары экономикалық нәтижелерге қол жеткізгісі келгендер үшін жігерлендіруші мысал. Бақытымызға орай, бізде жалпы мақсаттары бар және бір тілде сөйлейтін «Бәйтерек» холдингі тәрізді компаниялар бар. Осындай компаниялардың, сондай-ақ  АХҚО-ның құрылуы арқасында біздің еліміз жаңа қарым-қатынастар деңгейіне шығу мүмкіндігі бар», – деп атап айтты Сингапур елшісі.

Келіссөздер қорытындылары бойынша тараптар перспективалық инновациялық бағыттар аясында келешектегі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар