31.03.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
30 наурызда «Бәйтерек» холдингінің Ақпараттық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерге арналған «Киберқырағылық» тақырыбында офлайн оқыту іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында шақырылған сарапшылар заманауи киберқауіптер, әлеуметтік инженерия мен фишинг тәсілдері туралы ақпарат беріп, сондай-ақ инциденттерді мониторингтеу және оларға әрекет ету орталығының (SOC) жұмыс істеу қағидаттарын түсіндірді. Қатысушылар адам факторының неге әлі де негізгі осал тұс болып отырғанын талдады: халықаралық статистикаға сәйкес, ұйымдардағы инциденттердің 82%-ға дейіні қызметкерлердің қателіктерімен байланысты.
Іс-шара соңында қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік негіздері бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде тексеруге мүмкіндік алған интерактивті викторинаға қатысты. Белсенді қатысушыларға естелікке корпоративтік сыйлықтар табысталды.
«Бәйтерек» холдингі корпоративтік инфрақұрылымды қорғаудың маңызды элементтерінің бірі ретінде қызметкерлердің киберсауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.