25.04.2019

ҚТҚЖБ 2019 жылдың мамыр айында аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие бере бастайды

ҚТҚЖБ 2019 жылдың мамыр айында аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие бере бастайды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап табысы аз отбасыларды тұрғын үй сатып алуға несиелеуді бастайды. Бұл туралы ҚТҚЖБ басқарма төрағасы Ләззат Ыбраһымова хабарлады.

 

Ол атап өткендей, қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты - аз қамтылған отбасыларды тұрғын үй сатып алуға несиелеу болып табылады. Несиелендіру бағдарламасы 2019 жылы мамыр айында басталады және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және кәмелетке толмаған балалары бар толық емес жанұяларға өз пәтерін сатып алуға көмектеседі. Осы топтағылар үшін бастапқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, қарыздар бойынша мөлшерлеме 2%-ға тең болады, несие беру мерзімі 20 жылдан аспайды.

 

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 мамырынан бастап әскери қызметшілер үшін де жаңартылған бағдарлама іске қосылады. Оның шеңберінде тұрғын үй төлемдерін алушыларда пәтер құнының 15% мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарнасы болған жағдайда жылдық мөлшерлеремсі 8%-бен қарыз алуға үміткер бола алады. Бұл ретте Отан қорғаушылар үшін баспана таңдау бойынша шектеулер болмайды. Баспананы олар бастапқы және қайталама нарықтан таңдай алады. Сондай-ақ, бұрынғыдай баллдық жүйе бойынша үміткерлер тізімі қалыптастырылмайды. Енді бағдарламаға жеке меншігінде тұрғын үйі бар әскери қызметшілер де қатыса алады.

 

- ҚТҚЖБ жүзеге асырып отырған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бізге азаматтардың барлық санаттарын қамтуға, артық төлемей және қарызсыз өз баспанасын сатып алуға көмектесуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Ләззат Ыбраһымова.

 

Анықтама:

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз банк. Банк құрылыс жинақ кассаларының Еуропалық Федерациясында (ЕФССК) және халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

 

Фото: primeminister.kz.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар