22.11.2018

Сингапур – Ынтымақтастық векторы

Сингапур – Ынтымақтастық векторы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Сингапурге барды. Ресми бағдарлама шеңберінде бизнес-форум, жетекші инновациялық компаниялармен іскери кездесулер өткізілді, сонымен қоса, HDB тұрғын үй құрылысы кеңсесі, А*Star ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі, Biopolis ғылыми-зерттеу орталығы, Fusionopolis стартап-хабы, сондай-ақ, өзге де объектілерді аралап қайтты. Делегация жұмысына «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Арифханов қатысты.

Қазақстан – Сингапур бизнес-форумына екі елдің іскерлік орталарының 500-ге жуық өкілі, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Іс-шара аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Сингапурдың бизнес құрылымдарының өзара іс-қимылының басым бағыттарын дамыту және перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ауқымды мәселелер бойынша пікір алмастырылды.

Көпжақты келіссөздер барысында инновациялар, көлік және логистика, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін және шикізаттық емес экспортты дамыту бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытудың әлеуеттері аталып өтті.

Премьер-Министр Б.Сағынтаев өзінің құттықтау сөзінде форум қатысушыларына Қазақстанда инновациялық кластер бар екенін, оның негіздері — Назарбаев Университеті, Инновациялық технологиялар паркі мен «Astana Hub» халықаралық АT-стартаптар орталығы. Венчурлық қаржыландыру туралы заң қабылданғанын айтты.

- Бүгін мен «Бәйтерек» ұлттық холдингіне Enterprise Singapore-дегі әріптестермен бірге Сингапурдың көмегімен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және ЕАЭО елдерінің нарықтарын қоса алғанда, кері бағытта стартаптарды ілгерілету үшін бірлескен венчурлық қор құруды ұсындым, - деді Б. Сағынтаев.

Форум шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Арифханов үш бірдей қорытынды құжатқа қол қою рәсіміне қатысты. Бұл құжаттар: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Enterprise Singapore Board арасындағы венчурлық қаржыландыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ABC-I2BF Seed Fund және Paladigm Capital PTE. LTD арасындағы венчурлық қор құру ниеті туралы меморандум; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Singapore Cooperation Enterprise арасындағы тұрғын үй құрылысы және қолжетімді баспана саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

 

Толығырақ осы жерден оқыңыз

 

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар