Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

06.09.2024

Рустам Қарағойшин Зимбабведен келген делегациямен кездесу өткізді

Рустам Қарағойшин Зимбабведен келген делегациямен кездесу өткізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Қаржы министрінің орынбасары Дэвид Кудакваше Мнангагва бастаған Зимбабведен келген делегациямен кездесті. Делегация құрамында Зимбабвенің жетекші мемлекеттік және қаржы институттарының өкілдері де болды.

Сапардың негізгі мақсаты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ сияқты еншілес компанияларының табысты тәжірибесін зерделеу болды. Делегация қаржы секторын дамытудың қазақстандық моделіне және холдингтің экономикалық өсу үшін инфрақұрылым құруға қалай ықпал ететініне ерекше қызығушылық танытты. Зимбабве Қазақстанды қаржы құралдарын табысты пайдаланудың үлгісі ретінде қарастырады және Қазақстанның тәжірибесіне сүйене отырып, өзінің халықаралық қаржы орталығын ашуды жоспарлап отыр.

Screenshot_6.png

Зимбабве делегациясы тарапынан кездесуге Зимбабвенің әртүрлі мемлекеттік және қаржы институттарының өкілдерімен бірге Victoria Falls International Financial Center төрағасы Марк Хольцман және осы қаржы орталығының Бас директоры Джастин Бгони қатысты.

«Қаржы секторындағы тәжірибеміз бен жетістіктерімізбен бөлісу біз үшін үлкен мәртебе. «Бәйтерек» холдингі Зимбабвеге өзінің қаржылық инфрақұрылымын құруда қолдау көрсетуге және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын», - деді Рустам Қарағойшин.

Мнангагва мырза Зимбабве шикізаттық емес сектордағы кәсіпкерлікті және орнықты экономикалық дамуды қолдаудың қазақстандық жүйесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Victoria Falls International Financial Centre өкілдері қаржылық инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу Қазақстан мен Зимбабве арасындағы қаржы және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылаумен аяқталды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар