Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

28.03.2025

Рустам Қарағойшин Павлодарда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен жиналыс өткізді

Кеңес ал!

27.03.2025

Рустам Қарағойшин қытайлық Lihua компаниясымен кездесу өткізді

Рустам Қарағойшин қытайлық Lihua компаниясымен кездесу өткізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин Қытайдың Lihua (Group) Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ірі инвестициялық жобаны бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды.

Жоба Отырар мен Арыс аудандарында 60 мың гектар алқапта мақта өсіруден бастап дайын тоқыма өнімін шығаруға дейінгі толық өндірістік циклмен агроөнеркәсіптік кешен құруды көздейді. Жалпы инвестиция көлемі 200 миллиард теңгеден асады. Жобаның аясында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында он өнеркәсіптік нысан, соның ішінде төрт мақта өңдеу зауыты, су үнемдеу технологияларын қолданатын екі тамшылатып суару жүйесі зауыты, сондай-ақ иіру, тігін, тоқу және бояу-тоқыма фабрикалары салынады.

Бүгінде ПВХ құбырларын өндіретін зауыт іске қосылып, тоқыма фабрикаларының, сондай-ақ суару және энергиямен жабдықтау инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде. Алғашқы дайын өнім өндірісін іске қосу осы жылдың қазан айына жоспарланған.

«Lihua – Қытайдағы мақта өңдеу және тоқыма өндірісі салаларындағы жетекші компаниялардың бірі. Қазақстанға деген қызығушылығын жоғары бағалаймыз және мыңдаған жұмыс орнын ашып, еліміздің агроөнеркәсіптік секторының дамуына серпін беретін бұл жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз», – деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин.

Аталған жоба Орталық Азиядағы ең ірі бастамалардың біріне айналып, заманауи агротехнологияларды енгізуге, қосылған құнды арттыруға және отандық жеңіл өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар