Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

28.03.2025

Рустам Қарағойшин Павлодарда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен жиналыс өткізді

Кеңес ал!

28.03.2025

Рустам Қарағойшин Павлодарда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен жиналыс өткізді

Рустам Қарағойшин Павлодарда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарымен жиналыс өткізді

27 наурыз күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов бастаған Үкімет делегациясының құрамында Павлодар облысына барды.

Сапар аясында холдинг басшысы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңеске қатысып, баяндама жасады. Кеңесте кәсіпкерлікті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және экономиканың басым бағыттарын ілгерілетуге арналған шаралар талқыланды.

Өз сөзінде холдинг басшысы «Бәйтерек» институттары арқылы жүзеге асырылып жатқан жүйелі қолдау тетіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, 2025 жылы холдинг тарапынан кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы және ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 8 трлн теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл көлем 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ кепілдік беру құралдарын дамытуға ерекше мән берілуде. Ірі бизнес жобалары үшін мемлекеттік қолдау көлемі 1,5 трлн теңгеге дейін болатын кепілдік қоры құрылмақ. Бұл бастама жалпы құны 5 трлн теңгеге дейінгі жобаларды қаржыландыруға жол ашады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Даму» қоры арқылы несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру жоспарланып отыр.

«Біздің міндетіміз – бизнестің қаржы құралдарына тең және әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл ретте бюджетке түсетін салмақты азайтып, қолдау тетіктерін қайталамауымыз қажет», – деді Рустам Қарағойшин.

Кеңестен кейін холдинг басшысы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Отбасы банк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Павлодар облысындағы филиалдарына барып, олардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар филиал басшыларының қатысуымен өңірде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы мен қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралған жұмыс кеңесі өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстарды жүйелеу және оларды орталық және жергілікті атқарушы органдармен тығыз үйлестіру арқылы пысықтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар