05.07.2019

Павлодарда жаңа, жайлы автобустар іске қосылды

Павлодарда жаңа, жайлы автобустар іске қосылды

Павлодарда Ankai маркалы 30 жаңа жайлы автобус іске қосылды. Салтанатты рәсімге 5 шілде күні "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов пен облыс әкімі Болат Бақауов қатысты.

Автобустар "ҚДБ-Лизинг" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ құрылымына кіретін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы) операторы болып табылатын автобус паркін жаңарту бойынша қаржылық лизинг бағдарламасы аясында сатып алынған. Қоғамдық көлік қостанай "СарыарқаАвтоПром" зауытында жиналды. Павлодар үшін жобаны қаржыландыру сомасы 1,9 миллиард теңгеден асты.

 

2

 

Жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі адамдар мен арбадағы балаларды тасымалдауға арналған пандустармен жабдықталған, барлық техникалық стандарттарға және заман талабына сай. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы - 56 адам, ұзындығы - 8,5 метр. Қосымша жайлылық пен қауіпсіздікті желдету, бейнебақылау жүйелері, сондай-ақ салонда жолаушыларды бейне хабарландыру жүйелері қамтамасыз етеді. Сатып алынатын автобустар жолаушылар ағынын есептегішпен және отын шығынын есепке алу датчиктерімен жарақтандырылған, сондай-ақ билеттеудің электрондық жүйесін енгізу көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында "ҚДБ-Лизинг" АҚ автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды бастады.

 

3

 

- Бұл маңызды бастама, себебі ол жолаушыларға жайлы сапар беріп қана қоймай, отандық өндірушілерді қолдайды. Олар Қостанай, Алматы және Семей қалаларында орналасқан "СарыарқаАвтоПром", "Hyundai Trans Auto", "Daewoo Bus Kazakhstan" және "СемАЗ" зауыттары. Біз бірнеше өңірлермен жұмыс істейміз. Атап айтқанда, бұған дейін осындай жайлы автобустармен Шымкент, Семей, Түркістан, Атырау қалалары қамтамасыз етілді, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

Автобус парктерін жаңарту бағдарламасы револьверлік-қайтарымды негізде лизингтік қаржыландыруды ескере отырып, 15 жыл мерзімге есептелген. Оған елдің барлық өңірлері, соның ішінде жеке және муниципалдық автобус парктері, жеке тасымалдаушылар, туристік фирмалар және басқалар қатыса алады.

Бүгінде 16,6 миллиард теңге сомасына бес жоба іске асырылуда. Жоспарланған 615 автобустың 386-ы жеткізілді. Үшінші тоқсанда тағы 229 жаңа автобус жеткізу жоспарлануда.

Фотосуреттерді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар