Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.09.2025

«Бәйтерек» холдингі 500 млн АҚШ долларына еурооблигациялар шығарылымын сәтті орналастырды

Кеңес ал!

30.09.2025

Отбасы банк клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін жасанды интеллект енгізуде

Отбасы банк клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін жасанды интеллект енгізуде

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк өз клиенттерінің ыңғайлылығы үшін цифрлық трансформацияны белсенді түрде жүзеге асырып, жаңа технологияларды енгізуде.

Салымшылар мен қарыз алушыларға жедел кеңес беру мақсатында QUANYSH чат-боты құрылған. 2025 жылы ол Amazon Web Services (AWS) жасанды интеллект технологиялары негізінде жаңа интеллектуалды платформаға – Quanysh-AI-ға ие болды.

Quanysh-AI моделін әзірлеу және енгізумен Отбасы банкінің IT-мамандары банк жеткізушілерімен бірлесіп айналысты. Виртуалды көмекші тәулік бойы (24/7) жұмыс істеп, операторларға түсетін жүктемені азайтады және клиенттердің өздігінен қызмет алуын жеңілдетеді.

Жаңа жүйе клиенттердің сұрауларын 90%-дан астам дәлдікпен өңдейді және қазақ, орыс тілдерінде қызмет көрсетеді.

Анықтама үшін: LLM (Large Language Models) – түрлі тілдерде мәтінді түсінуге және құруға қабілетті ірі тілдік модельдер. Олар сұрақтарға жауап бере алады, аударма жасайды, мәтінді қысқартады және талдайды. Мұндай модельдер кітаптардан, мақалалардан, интернеттен және басқа дереккөздерден алынған ауқымды мәтіндік деректер негізінде оқытылады.

Quanysh-AI чат-боты клиенттердің мәтіндік және дауыс арқылы жолдаған сұрауларын өңдейді. Оның көмегімен:

  • шоттар мен несиелерге қатысты;
  • тұрғын үй төлемдерінің қалдығы бойынша;
  • шоттарға қойылған тыйымдар бойынша;
  • «Жалға алу төлемдерін субсидиялау» бағдарламасы, зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемдері, қолдау қызметіне жолданған өтініштердің мәртебесі бойынша дербес ақпарат алуға болады.

Сондай-ақ, чат-боттың жұмысына пікір қалдырып, сервисті жетілдіру бойынша ұсыныс беруге мүмкіндік бар.

Quanysh-AI чат-боты «Otbasy bank» мобильді қосымшасында, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде қолжетімді. Бұл клиенттерге байланыс арнасын таңдауда ыңғайлылық пен икемділік береді.

Негізгі көрсеткіштер:

  • диалогтардың 97%-ы оператордың қатысуынсыз өңделеді;
  • жауап беру уақыты орта есеппен 3–4 секундты құрайды;
  • жүктеме – айына шамамен 374 мың чат.

Алдағы уақытта Quanysh-AI чат-ботын қосымша дағдыларға үйрету жоспарлануда: ол клиентке депозитке қандай соманы жинақтау керектігін және бағалау көрсеткішін қалай арттыруға болатынын айтып, банктің ең тиімді шарттарымен ипотека рәсімдеуге көмектесетін болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар