20.06.2022

Отбасы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауын бастады

Отбасы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауын бастады

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу туралы өтініштер otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында қабылданады. Ол үшін Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенті болу қажет және аутентификация кодын алу үшін қолыңызда ұялы телефон болуы керек.

Қосымша анықтамалар мен құжаттар қажет емес. Жүйе үміткердің деректерін тексеріп, өтініш қалыптастырады.

Бағдарламаға келесі санаттар бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады:

- көп балалы отбасы;

- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

«Бақытты отбасы» бағдарламасына 2021 жылы тапсырыс берген, алайда заем алмаған үміткерлердің өтініштері күшін жояды. Бағдарламаның жаңа кезеңіне қатысу үшін олар биыл қайтадан өтініш берулері қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері автоматты түрде қалыптастырылады. Тізімдерге бөлу кезінде қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты анықтаушы факторға айналады. Байқау нәтижелерін otbasybank.kz порталынан көруге болады.

– 2022 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам отбасыға несие беруді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде Отбасы банкіне 51 млрд теңге көлемінде қаражат түсті. Биылғы жылы лимиттерді бағдарламаға қатысушылар арасында бөлу кезінде басымдық өткен жылдағыдай, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі. Бүгінде «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында 14 500 қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады, тағы 326 қатысушының несие алу туралы өтініші мақұлданды, олар қазір өздеріне ұнамды баспана іздеуде. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 3665 отбасы баспана мәселесін шешіп үлгерді, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу кезінде азаматтардың кірістері тексерілетін болады. Соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы керек (2022 жылы КМ 37 389 теңге, сәйкесінше бір отбасы мүшесіне шаққандағы табыс 115 905 теңгеден аспауы тиіс).

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несие сомасының 10%-на тең бастапқы жарна болған жағдайда, жылдық 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем алуға болады. Несие мерзімі 20 жылға дейін.

Отбасы жергілікті әкімдіктер арқылы салынған несиелік тұрғын үйді немесе бастапқы және екінші нарықтағы кез келген пәтерді сатып ала алады, сонымен қатар жеке үй сатып алуға да рұқсат етіледі. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңындағы аудандарында, Шымкент, Ақтау, Атырауда 15 млн теңгеге дейін және басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы тиіс.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар