10.07.2023

Отбасы банк 20 жылдың ішінде 465 мыңнан астам қазақстандық отбасыға қоныс тойын тойлауға көмектесті

Отбасы банк 20 жылдың ішінде 465 мыңнан астам қазақстандық отбасыға қоныс тойын тойлауға көмектесті
Отбасылық орта коэффициенттілікті ескерсек (қазақстандық отбасыларда орта есеппен 4 отбасы мүшесі болады) «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) көмегімен бүгінде 1,8 млн жуық қазақстандық немесе еліміздің әрбір оныншы тұрғыны өз баспанасында тұрып жатыр.

Олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қолжетімді шарттармен үй немесе пәтер сатып алуға мүмкіндік алды. Аталмыш жүйені Қазақстанда 20 жылдан бері Отбасы банк жүзеге асырып келеді.

Осы уақыт аралығында банк қазақстандықтардың жинақтау мәдениетін қалыптастыра алды және азаматтарды болашақ баспаналарына тиімді қаражат жинақтауға үйретті. Нәтижесінде банк клиенттері 3,5%-дан 10,5%-ға дейінгі (ЖТСМ 3,6% бастап) мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алуда.

Жыл сайын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдаланатын тұтынушылар саны артып келеді. Банк салымшыларының саны оған дәлел. Бүгінгі таңда Отбасы банкінің 2,6 млн салымшысы бар, депозиттік базасы 2,2 трлн теңгеге жетеді, бұл ҚР ЕДБ барлық ұзақ мерзімді депозиттерінің 42% құрайды.

Мемлекет жыл сайын Отбасы банк салымшыларының жинақ шоттарына 20% мемлекеттік сыйлықақы аудару арқылы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептеледі) қазақстандықтардың жеке шаршы метрлеріне қаражат жинақтауға көмектеседі.

Жалпы, банк жұмыс істеген 20 жыл ішінде салымшылардың есепшоттарына 348 млрд теңге мемлекеттік сыйлықақы түскен. Бұл ретте Отбасы банк депозиттерінің мерзімінен бұрын жабылуына байланысты мемлекетке 17,6 млрд теңге қайтарды (егер салымшы үш жылға толмаған шотынан қаражат шешіп алса, мемлекеттік сыйлықақы төленбейді). Сондай-ақ банк бүкіл жұмысы барысында түскен таза пайдасынан 140,5 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеп (оның ішінде 67,2 млрд теңге көлеміндегі 2022 жылдың дивидендтері ағымдағы жылдың тамыз
айында төленеді), 19 жыл ішінде ел бюджетіне 40,8 млрд теңге көлемінде корпоративтік салық аударған. Яғни, қазақстандықтарға төленетін мемлекеттік сыйлықақы кіріс пен салық түрінде бюджетке қайтарылады. Осылайша, мемлекет аз шығындалып, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп әрі халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттырып отыр.

– Бүгінгі күні Отбасы банк миссиясы: қазақстандық отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімдерін нығайту. Өз үйің немесе пәтерің болғанда, еліңе деген сенім күшейіп, отбасын құрып, бала өсіріп, Қазақстанның игілігі үшін еңбек етсем деген ниет те пайда болады. Банк жұмыс істеген барлық аралықты қамтысақ, 465 мыңнан астам несие берілген екен. Орта есеппен отбасында 4 адам болады деп есептесек, еліміздің 1,8 млн азаматы
тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі көмегімен жеке баспана алды деп айтуға болады. Біз өз миссиямызды абыроймен атқарып келеміз, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Банк алғашқы несиесін 2005 жылы берген. Сол уақыттан бастап қаржы құрылымы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың қатысушысы болды, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйлерді сату бойынша жеке құрылыс салушылармен ынтымақтаса бастады.

Қазір банктің ипотекалық портфелі 3 трлн теңгеге жетті. Отбасы банктің елдегі жалпы ипотекадағы үлесі 56 пайызға жетті.

2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 28 872 қазақстандық қолжетімді заем алды, оның 12 пайызы мемлекеттік бағдарламалар аясында.

Бұл ретте Отбасы банк қайтарымсыз қарыздардың ең төменгі көрсеткішіне ие. Оны бағалау үшін NPL көрсеткіші қолданылады - бұл 90 күннен асатын төлем мерзімі өткен, берешегі бар несие портфелінің көлемі. Отбасы банкінде ол 0,08% тең, бұл көрсеткіш үлесі 3,36% құрайтын жалпы банк жүйесінен бірнеше есе төмен.

2006 жылы Отбасы банк шығынсыз жұмыс реттілігіне қол жеткізді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы рекордтық 96 млрд теңгені құрады. Бұл қаражаттың дені, 67,2 млрд теңге, дивиденд ретінде жалғыз акционер – «Бәйтерек» холдингіне төленеді. Ал қалған 28,8 млрд теңге банктің жеке бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады.

Банк тарихында клиенттерге депозиттер бойынша екі рет өтемақы төленді. 2016-2017 жылдары 316 760 салымға 49,6 млрд теңге аударылса, 2023 жылы 883 071 депозитке 115,1 млрд теңге қосылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылы Отбасы банк небәрі 2,5 айдың ішінде зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерден асатын бөлігін пайдалану үшін www.enpf-otbasy.kz платформасын жасақтап, іске қосты. Порталдың жұмысы барысында 938 814 қазақстандық БЗТ тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдаланды. Зейнетақы қорынан пайдаланған қаражаттың жалпы сомасы 2,9 трлн теңгеге тең келді.

Отбасы банк өз жұмысын бастағанда небәрі 3 филиал мен 4 өкілдік жұмыс істеді. Бүгінде банктің 18 аймақтық филиалы мен 19 қызмет көрсету орталығы бар. Бұл ретте банк қашықтан қызмет көрсету арналарын белсенді түрде дамытып, қызметтерін онлайн режиміне көшіруде. Банктің Baspana market атты маркетплейсі бар, онда үй таңдап, оны сатып алу үшін өтініш жолдауға әрі несие алуға болады.

Банк сонымен қатар ЕДБ арасында алғашқылардың бірі болып Blockchain технологиясын енгізді. Оның көмегімен клиенттер несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда бірнеше минут ішінде кепіл шартын қашықтан тіркей алады немесе кепілді ауыртпалықтан алып тастай алады. Бүгінде Blockchain тұтынушылардың уақытын үнемдеуге және қашықтан қажетті қызметтерді алуға көмектесті. Бұл опцияны 2022 жылы 34 277 адам, биыл 15 471 адам пайдаланған.

Қазіргі уақытта банк операцияларының 83,2 пайызы қашықтан орындалады. Клиенттер қызметтерді ыңғайлы әрі жылдам тұтынуы үшін Банк болашақта өз процестерін жетілдіруді және автоматтандыруды жалғастырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар