19.12.2024
- Холдинг туралы
Құрметті серіктестер, әріптестер, достар!
Бүгін мен тоғыз жыл бойы отандық кәсіпкерлерді қолдап, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп, ал таяудан бері агроөнеркәсіптік кешенді дамытумен айналысып келе жатқан елді дамытудың бас қаржы институты - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының төрағасы қызметінен кеттім.
Мен «Бәйтерек» холдингін шамамен бес жыл басқардым. Осы уақыт ішінде біз ұжыммен үлкен жұмыс жүргіздік: шағын және орта бизнесті қолдау көлемін ұлғайттық, жүздеген экспорттаушыларға жаңа өткізу нарықтарын табуға көмектестік, жыл сайын, соның ішінде біздің Холдинг пен еншілес ұйымдардың үлесі есебінен де тұрғын үй құрылысының көлемі өсті. Осы қолдау шараларының арқасында ондаған мың адам өз бизнестерін ашып, тұрақты жұмысқа орналасып, баспаналы болды.
«Бәйтерек» холдингі «Бизнестің жол картасы», «Нұрлы жер», «Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы», «АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» сияқты басты мемлекеттік бағдарламаларды табысты іске асыруда.
Біз ел басшылығының стратегиялық тапсырмаларын орындадық, атап айтқанда, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін біріктіруді барынша ауыртпалықсыз жүргіздік.
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және медициналық қызметтер алуға пайдалану тетігі іске қосылды, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж, бірақ оларды сатып алу мүмкіндігі жоқ адамдар үшін - «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» жаңа бағдарламалары енгізілді.
Біз проблемалық жобаларға, активтерді жекешелендіруге байланысты күрделі мәселелерді сәтті шеше алдық.
Коронавирустық пандемия кезеңінде біз қиын уақытта ел экономикасын жедел және тиімді қолдай отырып, Үкіметтің дағдарысқа қарсы құралына айналдық. Клиенттерге арналған қызметтердің көпшілігі цифрландырылған. Оларды енді онлайн режимінде алуға болады.
Еншілес ұйымдардың санын қысқарту бойынша жұмыстар аяқталуда, атап айтқанда, бүгінгі күні 14 ұйымның 8-і қалды. Биыл Холдингте жеті еншілес ұйым қалады.
Ел басшылығына көрсеткен құрметі мен сенімі үшін, сондай-ақ ұжымыма көрсеткен қолдауы, кәсібилігі және жемісті ынтымақтастығы үшін зор алғысымды білдіремін.
Холдингтің жаңа Басқарма төрағасы Қанат Бисимбайұлының жұмысына табыс тілеймін. Оның басшылығымен Холдинг бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін!
Баршаңызға денсаулық және сәттілік тілеймін!
Құрметпен, Айдар Әріпханов