Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

19.07.2024 19:45:00

«Бәйтерек» Jańa Dala / Green Day 2024 халықаралық көрмесінде агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыратын бағдарламаларды ұсынды

27.07.2018

«Нұрлы жер» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру

«Нұрлы жер» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру

Басқарушы директор - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының мүшесі Нұржан Нұрланов Zakon.kz порталына берген сұхбатында 2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі нәтижелері туралы айтып өтті.

Сұхбатта айтылған ең маңызды фактілерді назарларыңызға ұсынамыз:

– «Бәйтерек» холдингі  «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруда бірыңғай оператор болып табылады;

– бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бағдарламаны жүзеге асырудың барлық негізгі жоспарлы индикаторларына қол жеткізілді;

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың холдингке қолдау көрсетуі есебінен жыл сайын 15 мың пәтер салынуда;

– ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жалпы сомасы 176 млрд теңгеге 25,7 мың жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын берді;

– тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде жаңа салымшылардың жыл сайынғы өсімі 35%-ды құрайды;

– ҚТҮҚЖБ клиенттеріне  арналған baspana.kz жылжымайтын мүлік арнаулы бірыңғай порталында 96 мыңнан астам пайдаланушылар тіркелді, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 247 объект жарияланды;

– baspana.kz арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға 30 мың өтініш берілген, 9564 пәтер сатылды, тағы да 17,9 мыңға жуық пәтер сатылу үстінде;

– ҚТҮҚЖБ онлайн-банкинг жүйесінде 400 мыңнан артық пайдаланушылар тіркелді;

– онлайн-табыстау жұмысы басталғалы Тұрғын үй құрылыс банкі сомасы 1 млрд 25 млн теңгеге 520 депозит орналастырды;

– ҚТҮҚЖБ несие беру нәтижесінде жалпы ауданы шамамен 26,5 мың ш.м. 231 коттедж пайдалануға берілді, жылдың аяғына дейін 548 үй салу жоспарланып отыр;

– 2018 жылы 66 мыңнан артық әскери қызметкерлер – тұрғын үй төлемдерін алушылар жеңілдетілген шарттарда пәтер алу мақсатында банкте арнайы шоттар ашты;

– «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде заңнамалық тұрғыда үлескерлердің құқығын қорғаудың жаңа құралдары енгізілді.

Сұхбаттың толық мәтіні келесі сілтеме бойынша Zakon.kz порталында жарияланды

 

Нурланов

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар