06.09.2023

Мемлекеттік тіл – ортақ мүдде

Мемлекеттік тіл – ортақ мүдде

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, «Мемлекеттік тіл – ортақ мүдде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Бәйтерек» холдингі ұйымдастырған іс-шараға барлық еншілес ұйымдардың тіл дамыту бағытына жауапты қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында бұл атаулы күннің мән-маңызына назар аударылды, қызметкерлер тіл саясатын жүзеге асырудағы өз ұйымдарындағы іс-тәжірибелермен бөлісті, сол бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз етті. Сондай-ақ, мемлекеттік тілге қатысты мәселелер ортаға салынды, ұйымдардағы құжат айналымының жайы талқыланды. Қатысушылар өз тарапынан ұжым арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтетін түрлі ұсыныстар айтты. Дөңгелек үстелге қатысқан тіл жанашыры, журналист, Аграрлық несие корпорациясының PR-менеджері Қанат Тұрар өзі арнайы шығарған «Тілге арнау» өлеңін оқып, қатысушыларды тәнті етті.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің маңызы мен танымалдылығын арттыру, Холдингтің компаниялар тобын қоғамдық іс-шараларға белсенді тарту мақсатында, Тілдер күніне арналған мерекелік бейне-құттықтау ұйымдастырылды. Бұл бастаманы да Холдинтің барлық еншілес ұйымдары жұмыла қолдады. Әзірленген мерекелік бейне-арнау «Бәйтерек» бизнес орталығының лифтындағы монитор арқылы көпшіліктің назарына ұсынылды және Холдинг пен еншілес ұйымдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланды.

Іс-шараның соңында Тілдер мерекесін атап өтуде белсенділік танытқан барлық еншілес ұйымдар «Бәйтерек» холдингінің алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар