Кеңес ал!

16.09.2025

Мемлекет басшысының Жолдауының міндеттерін іске асыру Холдингтің Қоғамдық кеңесі отырысының негізгі тақырыбына айналды

Мемлекет басшысының Жолдауының міндеттерін іске асыру Холдингтің Қоғамдық кеңесі отырысының негізгі тақырыбына айналды

2025 жылғы 15 қыркүйекте Кеңес мүшелері мен Холдинг басшылығының қатысуымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің жетінші отырысы өтті. Кездесу Мемлекет басшысының «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен олардың шешімдері» атты халыққа Жолдауында белгіленген басымдықтарды ашық талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Холдингтің Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ерсайын Хамитов Холдинг азаматтық қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіне отырып, Үкімет жүктеген міндеттемелерді дәйекті түрде орындап жатқанын атап өтті. Холдингтің барлық қызметі, ең алдымен, елдің орнықты экономикалық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Жолдауда барлық салаларды трансформациялаудың негізгі құралы ретінде цифрландыруға ерекше назар аударылды. Ерсайын Хамитовтың айтуынша, бұл құрал мемлекеттік секторда да, жеке секторда да белсенді қолданылуы тиіс. Жолдауда Қазақстан ұмтылатын стратегиялық бағдарлар нақты белгіленген және Холдинг мемлекеттік және салалық бағдарламалардың операторы бола отырып, оларды іске асыруда маңызды рөл атқаруды жалғастырады.

Холдинг қызметінің басымдықтарының қатарында кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және тұрғын үй құрылысы сияқты негізгі бағыттар қалады.  Сонымен бірге цифрлық технологияларды енгізу, өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды ынталандыру, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту Холдингтің компаниялар тобы жұмысының назарында.

Холдингтің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Шайх бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Холдингтің қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтты.

Қорытындылай келе, Ерсайын Хамитов Қоғамдық кеңес мүшелеріне сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, Кеңестің қоғамдық бақылау мен серіктестіктің маңызды институты болып табылатынын атап өтті. Ол Холдингтің экономикалық өсуге жәрдемдесуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді іздеу үшін одан әрі ашық өзара іс-қимылға дайын екендігін растады.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспары талқыланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар