17.01.2023

Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары аясында Бәйтерек Abu Dhabi Investment Authority-мен кездесу өткізді

Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары аясында Бәйтерек  Abu Dhabi Investment Authority-мен кездесу өткізді
«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары аясында Abu Dhabi Investment Authority жеке активтер департаментінің атқарушы директоры Хамад Әл-Дхахеримен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы екі компанияның қаржы саласындағы, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастығының перспективалары болды. 

Кездесу барысында Қанат Шарлапаев Бәйтерек холдингінің экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы, сондай-ақ еларалық инвестициялық ағындардың өсуіне ықпал ететін бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру арқылы ADIA-мен ынтымақтастық мүмкіндігі туралы айтты.

Басқарма төрағасы әл-Дхахери мырзаға «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастық пен серіктестікке қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ БАӘ мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компанияларының Әмірліктердегі мемлекеттік және жеке компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесі мол. Мысалы, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Холдингінің еншілес компаниясы Falah Growth Fund және Kazakhstan Infrastructure Fund    C.V бірлескен қорлары арқылы Mubadala Investment Company компаниясымен ынтымақтасады, сондай-ақ Abu Dhabi Developmental Company (ADQ) тәуелсіз қорымен өзара іс-қимыл мәселесін пысықтайды. Сондай-ақ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «KazakhExport «ЭСК» АҚ-да БАӘ капиталының қатысуымен бірнеше жоба қаралуда.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен БАӘ қаржы институттарының ынтымақтастығы екі мемлекеттің экономикасы үшін құндылық жасау үшін елеулі перспективаларға ие екендігіне сенім білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар