19.12.2024
- Холдинг туралы
Киевте өткізілген «Шығыс Еуропада, Кавказда, Орталық Азияда және Украинада МЖӘ инфрақұрылымы» конференциясы барысында «Kazakhstan Project Preparation Fund» (KPPF – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ЖШС-ның Басқарма Төрағасы ӘділУтембаев Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін МЖӘ – салыстырмалы түрде жаңа сектор, біздің елде дамуы 2006 жылдан басталады. Жаңа институтты енгізу мерзімі көп болмағанына қарамастан, бүгінгі күні МЖӘ жобаларын іске асыру үшін құқықтық база қалыптасты, осы салаға қолдау көрсету үшін бірқатар мемлекеттік институттар жұмыс істейді.
– Қазіргі уақытта МЖӘ саласы Қазақстанда белсенді дамып келеді. Елімізде МЖӘ негізінде жүздеген жобалар республикалық және аймақтық деңгейлерде табысты іске асырылуда, –деп атап өтті Ә.Утембаев. – Бұл ретте, KPPF–тің негізгі мақсаты инфрақұрылымдық жобаларға, оның ішінде МЖӘ механизмі бойынша іске асырылатын жобаларға қолдау көрсету арқылы Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстанда KPPF–тің тікелей қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы пилоттық концессиялық жобаны іске асыру, атап айтқанда Алматы қаласында Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жанындағы 300 төсек-орынға арналған көп салалы аурухананы пайдалануға беру құрылысы басталды.
Жоба шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі университет ауруханасының құрылысы мен оны одан әрі техникалық пайдалануға беруге жекеше тараппен концессия шартын жасасуды жоспарлап отыр. Жоба facility management моделі шеңберінде іске асырылатын болады, бұл клиника құрылысы мен техникалық пайдалануға берілуі концессионер тарапынан жүзеге асырылатынын білдіреді.
– Бүгінгі күні Қор мен Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкі (ЕҚЖДБ) арасында салым туралы келісімге қол қойылды, осы келісім бойынша ЕҚЖДБ жобаның инвестициялық тартымдылығына баға беру және конкурс кезеңінде консультативтік қолдау көрсету үшін халықаралық консультанттардың техникалық көмегіне жүгінеді, – деді KPPF басшысы.
Бұл жоба қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы «пилоттық» жоба болып табылады, сондықтан, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің осындай кең көлемді жобаларының одан әрі дамуына ықпалы зор. Құрылысты бастау 2020 жылға жоспарланып отыр.