16.12.2020

Тәуелсіздік күні білім бері және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды

Тәуелсіздік күні білім бері және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі арасында қол қойылған меморандумдар шеңберінде Білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов қатысты.

Алтай Көлгінов өз сөзінде қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, пандемия кезіндегі ерен еңбегі үшін алғысын білдірді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрғын үй саясатына және халық үшін қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударады. Бүгінде 150-ден астам отбасы пәтер алды. Осы пәтерлерді біз Қазақстан Ипотекалық Компаниясымен бірлесіп, жылдар бойы тұрғын үйді күтіп жүрген кезекте тұрғандар арасында іске асырдық. Осы бағдарлама бойынша мыңға жуық пәтер жоспарланған. 500-ден астамы таратылды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында 100-ден астам отбасы баспаналы болды. Алушылар санаты кеңейтілді, мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінен басқа бұл бағдарламаға әлеуметтік қызметкерлер, ПД, ТЖД қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді, - деді елорда әкімі.

Іс - шарада сөз сөйлеген Айдар Әріпханов тұрғын үй беру талаптары теңдессіз-сатып алумен жалға беру 20 жылға дейін, бұл ретте 1 ш.м.үшін  ай сайынғы жалдау төлемі  1455 теңгеден аспайтынын атап өтті. «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету міндетін әрі қарай жалғастырады екенін атап өтті.

- Соңғы бес жыл ішінде еліміздің барлық өңірлерінде 85 мыңнан астам қазақстандық жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Бұл ретте, салынған тұрғын үйдің жартысы жас отбасылар арасында бөлінеді. Біз қазірдің өзінде нақты нәтижелерді көріп отырмыз, - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Жаңа тұрғын үй М.Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында, «Нұрлы Жол» теміржол вокзалының жанында орналасқан. Сондай-ақ, жақын маңда №1 Көпбейінді қалалық аурухана, №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, №57 және №13 орта мектептер, сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендері орналасқан.

Пәтер алатындар арасында облыстық және қалалық ауруханалардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, кафедра меңгерушілері, дәрігерлер, педагогтар, фельшерлер, медбикелер, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ұлттық тестілеу орталығы, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы және қалалық және республикалық маңызы бар басқа да мекемелердің қызметкерлері бар.

Мұғалімдер мен медиктер үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыруға Қазақстан Ипотекалық Компаниясы меншікті және қарызға алынған қаражаттан шамамен 40 млрд теңге бағыттады. Осы бағдарлама аясында білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері алғашқы пәтерлерін 2019 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласында алды. Сондай-ақ, пәтерлерді Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Ақтау тұрғындары алды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар