19.12.2024
- Холдинг туралы
Құрметті азаматтар
және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына және қоғамдық Кеңес туралы Үлгілік ережеге (АҚДМ 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген) сәйкес орналастырылған хабарландыру қорытындылары бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың жеткілікті санының болмауына байланысты холдингтің қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді ұзартады.
Конкурсты өткізу мерзімі: 5 жұмыс күні.
Холдингтің қоғамдық кеңесінің сандық құрамы: 11 адам, оның ішінде холдингтен 3 өкіл, азаматтық қоғамнан 8 өкіл.
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болуға тиіс;
2) Заңнамада белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға тиіс;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұруға міндетті.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:
1)холдингтің Қоғамдық кеңесінің құрамына енгізу үшін азаматтың кандидатураны ұсыну туралы өтініші (нысан қоса беріледі);
2) холдингтің Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
6) сихикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылығы болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды 5) және 6) тармақшаларында көзделген дербес немесе көрсетілген анықтамаларды талап етуге жазбаша келісімі арқылы ұсынады.
Холдингтің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Холдингтің Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттар 2021 жылғы 13 шілдеге дейін (қоса алғанда) z05t3е2, Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, B блогы мекенжайы бойынша қолма-қол немесе келесі электрондық мекенжайы бойынша қабылданады: qkenes@baiterek.gov.kz.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 708 999 43 99 (Хамитова Лаура), +7 701 743 99 07 (Мырзағалиева Әлия).
Құқықтық актілерге сілтемелер:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереже
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264