11.12.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
11 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Холдингтің Басқарма Төрағасы Рустам Қарагойшиннің Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ Холдинг пен еншілес ұйымдардың басшылығы және облыс әкімдігінің делегациясы қатысты.
Тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге ықпал ететін өзара іс-қимыл бағыттарын және Холдинг құралдарын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау және облыстың перспективалы инвестициялық жобаларын қаржыландыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Кездесу барысында облыс әкімдігі тұрғын үй құрылысына қатысты өңірдің қаржыландыру қажеттілігі туралы ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, кезекте тұрған азаматтар үшін «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй сатып алуға несиелік ресурстар бөлу және тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мәселелері қаралды. Сонымен бірге құрылыс салушыларды өңірлік даму институттары арқылы несиелендіру тетіктерін іске асырудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Әкімдік өнеркәсіп, инженерлік инфрақұрылым және индустриялық аймақтарды дамыту бағыттарындағы жобалар пулын таныстырды, сондай-ақ аталған бастамаларды қаржыландыру үшін Холдинг институттарын тарту қажеттілігін атап өтті. Түркістан облысы аумағындағы жобаларды іске асыруға Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері де талқыланды. Оған пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, лизингтік міндеттемелерді ұзарту, фермерлердің жеңілдетілген несиелерге қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ «Кең дала» бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру және қайта өңдеу қуаттарын дамыту шаралары кірді.
Холдингтің Басқарма Төрағасы Рустам Қарагойшин «Бәйтерек» холдингінің өңірлік дамуды қолдау құралдарын нығайтып келе жатқанын және әкімдік ұсыныстарын жан-жақты пысықтауға дайын екенін атап өтті.
«Өңірлерді дамыту — Холдингтің негізгі басымдықтарының бірі. Түркістан облысы индустрия, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым бағыттарында зор әлеуетке ие. Біздің мақсат — жобаларды жедел іске асыруға және экономикалық өсудің тұрақты негізін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді қаржылық құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Біз өңірмен барлық ұсынылған бастамалар бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруға дайынбыз», — деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржыландыру құралдары, іске асыру тетіктері және күтілетін экономикалық тиімділік көрсеткіштері қамтылған жобалық шешімдерді нақтылай отырып, ортақ жол картасын әзірлеу жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.