21.02.2023

Холдинг басшысы Аграрлық несие корпорациясы жұмысымен танысты

Холдинг басшысы Аграрлық несие корпорациясы жұмысымен танысты

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да болды. Кездесудің мақсаты – агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларды қаржыландыру жайымен танысу.

Корпорация басшылығы 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспары, инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыратын "Кең дала" бағдарламасы туралы толық ақпарат берді.

Корпорация несиелеу қызметін облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан филиалдар желісі арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, микроқаржы ұйымдарын және лизингтік компанияларды қаржыландыру жолымен жүзеге асырады.

Холдинг басшысы Аграрлық несие корпорациясының несие және цифрландыру департаменттерінің жұмысымен танысты.

«Несиелеу процесін автоматтандыру мәселесін бақылауда ұстау керек. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының облыс орталығындағы филиалға бармай,қашықтан несие алуға өтініш бере алатындай жағдайы болуы тиіс. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға шағын несие беру бойынша онлайн өтінім беру платформасын енгізуді жеделдету қажет", - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл кәсіпкерлерінің жобасын қаржыландыруға 330 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. Шағын несиелеу, кредиттік процестерді автоматтандыруды жалғастыру, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұлғайту биылғыміндеттер болып айқындалғанын атап өтті.


photo_2023-02-20_20-36-29 (2).jpg


photo_2023-02-20_20-36-31.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар