Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

17.07.2026

Jańa Dala / Green Day: «Бәйтерек» холдингі биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 1,7 трлн теңге бағыттайды

Кеңес ал!

17.07.2026

Jańa Dala / Green Day: «Бәйтерек» холдингі биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 1,7 трлн теңге бағыттайды

Jańa Dala / Green Day: «Бәйтерек» холдингі биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 1,7 трлн теңге бағыттайды

Көрме аясында холдинг қызметкерлері несие бойынша кеңес береді

Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылында өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы Қазақстандағы ең ірі салалық іс-шаралардың бірі – «Қазақстандық Jańa Dala / Green Day ’2026 Дала күні» мамандандырылған көрмесі басталды. «Jańa Dala / Green Day» көрмесіне «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компаниялары белсенді қатысты.

«Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымдары – Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы арқылы бірқатар бастамаларды жүзеге асырып келеді.

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру көлемін екі-үш есеге дейін ұлғайғанын айтты.

«Өткен жылы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін жүйелі дамыту мақсатында мемлекет тарапынан бұл салаға 1,1 триллион теңге бөлініп, бұл қаражат толық көлемде және мақсатты түрде игерілді. Осы оң динамиканы сақтай отырып, биыл жыл соңына дейін ауыл шаруашылығын жан-жақты қолдауға және оның өнімділігін арттыруға 1 триллион 200 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлуді қарастырып отырмыз. Бұл орасан зор қаражат та өз уақытында толық әрі тиімді игеріледі деп жоспарлап отырмыз.

Мәселен, қазіргі уақытта Аграрлық несие корпорациясы аграршылар үшін ең жауапты кезең саналатын көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын уақытылы әрі сапалы қаржыландыру бағдарламасын белсенді жүзеге асыруда. Осы стратегиялық мақсатқа жыл соңына дейін жалпы сомасы 750 миллиард теңге бағыттау көзделген болатын. Бүгінгі күні бұл қаражаттың 650 миллиард теңгесі нақты іске жұмсалып, игеріліп үлгерді. Осы жүйелі қолдаудың нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі 7,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, оның ішінде шағын және орта шаруа қожалықтары қажетті мемлекеттік қолдауға ие болып, жұмыстарын кедергісіз жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, біз тек егін шаруашылығымен шектеліп қалмай, мал шаруашылығының әлеуетін арттыруға да баса назар аударып отырмыз. Биыл мал басын көбейтуге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бірлік», «Игілік» және «Жайлау» сияқты маңызды бағдарламаларды қаржыландыруға бюджеттен 200 миллиард теңгеге астам қаражат қарастырылды», — деді ол.

Бұл бағдарламалар енді ғана іске асырылып жатыр. Қаржыландыруды тікелей Аграрлық несие корпорациясы арқылы алуға болады. Сонымен қатар, биылдан бастап бұл бағдарламалар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен жергілікті қаржы институттары, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Нияз Көшкімбаевтың айтуынша, «Байтерек» холдингі жай ғана әкімші болуды тоқтатып, ел экономикасының белсенді драйверіне айналып отыр.

«Бүгінгі таңда «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік қолдауды бөлетін жай ғана әкімші болуды тоқтатып, ел экономикасының белсенді драйверіне айналуда. Біз бұдан былай дайын жобаларды күтіп отырмаймыз, инвестициялық қоржынды өзіміз қалыптастырып, серіктестерді өзіміз іздейміз», - деп атап өтті Нияз Көшкімбаев.

Ол атағандай, бұл бағыттағы басты жаңалықтардың бірі — «Инвестицияларға тапсырыс» бағдарламасы. Оның аясында мемлекет агросектор мен тұрмыстық химия сияқты салалардағы тапшы өнімдер мен басым бағыттарды өзі анықтап, жеке инвесторларға дайын бизнес-жобаларды ұсынатын болады.

Қазіргі уақытта Холдинг өзінің инвестициялық рөлін күшейтуді ескере отырып, ұзақ мерзімді даму стратегиясын өзектендіруге кірісті.

Холдингтің еншілес компаниясы Аграрлық несие корпорациясының Астана қаласы филиалының директоры Маханбет Тұрмаханов осы уақытқа дейін агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 6,1 триллион теңге бөлінгенін айтты.

«Соның нәтижесінде 190 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны мемлекеттік қолдауға ие болды. Корпорация қаржыландырған жобалардың нәтижесінде бүгінде Қазақстанда өндірілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жалпы көлемінің 66%-ы сүтке, 59%-ы құс етіне, 47%-ы макарон өнімдеріне, 45%-ы өсімдік майына, 33%-ы нанға және 28%-ы тауық жұмыртқасына тиесілі. Жалпы, биыл Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржы» арқылы ауыл шаруашылығы саласына 1 триллион теңге көлемінде қаржы игеру жоспарланған»,- деді Тұрмаханов.

Оның айтуынша, қаржыландырудың негізгі көлемі 209,1 млрд теңге 5%-дық жеңілдікті лизинг бағдарламасына тиесілі болған, оның аясында аграршылар 6 381 техника бірлігін сатып алды.

«Алты айдың ішінде компания қызметін 3 931 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші пайдаланды, ал келіп түскен өтінімдер көлемі қазірдің өзінде 311,5 млрд теңгеге жетті, бұл машина-трактор паркін жаңартуға деген жоғары сұраныстың сақталып отырғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл Аграрлық несие корпорациясы классикалық несие операторынан АӨК-ті құрылымдық жаңғыртудың негізгі институтына айналып жатқанын көрсетеді»,- деді ол.

Ал «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаевтың айтуынша, 2026 жылдың алғашқы жарты жылында жалпы құны 250 миллиард теңгеге жуық 6 300-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.

«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Былтыр алғашқы жартыжылдықта шамамен 125 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру жүзеге асырылған болатын. Әрине, ең жоғары сұранысқа ие бағдарлама – «Қазақстанда жасалған» жеңілдетілген лизинг бағдарламасы. Тек осы бағдарлама аясында 210 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру жүргізілді. Соның нәтижесінде 4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолдау көрсетілді»,- деді Жұмжаев.

Аграршыларға қосымша қаржыландыру мүмкіндіктерін «Даму» қоры ұсынады. Көрме жұмысы барысында Қор мамандары кәсіпкерлерге мемлекеттік кепілдіктер, субсидиялау және жеңілдікпен қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес берді.

2026 жылдың жарты жылында Қор жалпы несие қоржыны 1,06 трлн теңгені құрайтын 3,6 мың жобаға қолдау көрсетті. Агроөнеркәсіптік кешенде жалпы сомасы 240,6 млрд теңгеге 1 649 жоба қолдау тапты.

Көрме алаңдарында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникалары: тракторлар, егіс кешендері, бүріккіштер мен топырақ өңдеу жабдықтары нақты далалық жағдайда көрсетіліп, таныстырылады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дрондарының жұмысы көрсетілді.

Мал шаруашылығы бағдарламасында Ангус, Әулиекөл, Герефорд, Қазақтың ақбас сиыры, Қалмақ және Обрак тұқымды асыл тұқымды малдардың конкурстары мен көрсетілімдері ұйымдастырылып, олардың қорытындысы бойынша асыл тұқымды бұқашықтарды сату жөніндегі ашық аукциондар өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар