Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

25.06.2025

Экспорттық-кредиттік агенттік 12,6%-дан аспайтын мөлшерлемемен алдын ала экспорттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда

Кеңес ал!

25.06.2025

Экспорттық-кредиттік агенттік 12,6%-дан аспайтын мөлшерлемемен алдын ала экспорттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда

Экспорттық-кредиттік агенттік 12,6%-дан аспайтын мөлшерлемемен алдын ала экспорттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда

«Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлікті қолдау және негізгі инвестициялық жобаларды дамыту бойынша 8 трлн теңгеге бағдарлама аясында жариялаған бастама шеңберінде «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ 12,6%-дан аспайтын жылдық мөлшерлемемен алдын ала экспорттық қаржыландыру тетігін іске асыруда.

Бұл құрал екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның Даму Банкі арқылы қолжетімді.

Алдын ала экспорттық қаржыландыру – бұл ЭКА ұсынатын маңызды қолдау құралы, ол өндірушілерге экспорттық міндеттемелермен байланысты шикізат сатып алуға, жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге қажетті ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.
Оның жарқын мысалдарының бірі – ЭКА, Қазақстанның Даму Банкі және май-тоң май өнімдерін өңдейтін жетекші кәсіпорындар арасындағы келісім. Бұл мәміле ауыл шаруашылығы шикізатын форвардтық сатып алуды қаржыландыруды көздеді.

ЭКА портфеліндегі тағы бір кең сұранысқа ие құрал – саудалық қаржыландыру. Бұл құрал Қазақстанның экспорттық ағындарын Орталық Азия елдеріне әртараптандыруды белсенді түрде қолдайды. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріндегі саудалық қаржыландырудың түпкілікті мөлшерлемесі – жылына 9,5%-ға дейін АҚШ долларымен.
Сондай-ақ, экспорттық келісімшарттар бойынша несиелерді, төлемдерді немесе жеткізілімдерді кейінге қалдыруды сақтандыру, шетелдік тендерлерге қатысу кепілдіктері, шарттық міндеттемелерді орындаукепілдіктері және басқа да тендерден кейінгі кепілдіктер, шетелдік контрагенттерді тексеру бойынша қызметтер де кеңінен қолданылады.

«Алғашқы жартыжылдықтың алдын ала қорытындылары бойынша, ЭКА-ның сақтандыру, қайта сақтандыру, алдын ала және саудалық қаржыландыру, кепілдік беру құралдары арқылы 40-тан астам отандық экспорттаушыға шамамен 300 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін ЭКА экспорттық операцияларды 600 млрд теңгеден астам сомаға қолдауды жоспарлап отыр», – деді «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ ресми өкілі Нұргүл Әліпінова.

Бүгінгі таңда цифрлық сервистер мен жаңа өнімдердің дамуының арқасында ЭКА қызметтерін алу айтарлықтай жеңілдеді – экспорттаушылар өтінімді ЭКА-ның ресми сайтындағы (https://online.kazakhexport.kz) және bgov.kz бизнес қолдау порталындағы экспорттаушының жеке кабинеті арқылы онлайн түрде жіберіп, оның мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Дереккөз: zakon.kz

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар