Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

23.04.2024

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын тануға арналған жасанды интеллект енгізілді

28.05.2021

Әділ Мұхамеджанов «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Әділ Мұхамеджанов «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ-ны басқарды.

Ә. Мұхамеджанов тәуекел менеджментін дамыту, корпоративтік дамыту, стратегия, талдау және зерттеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

Ә. Мұхамеджанов 1981 жылы туған. 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Халықаралық экономист» біліктілігімен, «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығын алған.  2003 жылы Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) «Қаржы және менеджмент» мамандығын бітірген.   2018 жылы Чикаго университеті жанындағы Бута атындағы бизнес мектебінде ЕМВА дәрежесін алған. 

Еңбек жолын 2003 жылдың қазан айында «КазТрансОйл» жабық акционерлік қоғамында жобаларды басқару департаментінің маманы болып бастады.

2004 жылдың наурыз айы мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында «Caspian Energy Inc» PLS Канада, Торонто қаласында, «Арал Петролиум Кэпитал» жабық акционерлік қоғамында қаржы менеджері, Вице-президент лауазымдарында жұмыс істеді, сондай-ақ аталған компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2010 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың желтоқсанына дейін - «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы .

2008 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңде – «АзияКредитБанк» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін - «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар