30.05.2022

Депутаттар «Бәйтерек» холдингінің ұжымына ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндірді

Депутаттар «Бәйтерек» холдингінің ұжымына ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндірді

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметов пен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова «Бәйтерек» холдингі ұжымымен кездесу өткізіп, ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.

DSC_0677.JPG

-  Өздеріңіз білетіндей, 5 маусымда республикалық референдум өтіп, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қарауға шығарылады. ҚР Конституциясының 33 бабына 56 өзгеріс енгізілмекші. Олардың қатарында стратегиялық өзгерістер мен ұйымдастырушылық рәсімдік нормалар бар, - деді Ғазиз Құлахметов.

Атап айтқанда, өлім жазасын жою, Парламенттің өкілеттіктерін өзгерту, омбудсменнің рөлін күшейту сынды нормалар мен тағы да басқа нормалар сөз болды.

Сонымен қатар, Ләззат Разбекова-Төлеуханова алдағы референдумға қатысты өз ойымен бөлісті.

DSC_0664.JPG

DSC_0686.JPG

Депутаттардың сөйлеген сөзінен кейін кездесуге қатысушылар халық қалаулыларына өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Жалпы, кездесуге 104 қызметкер қатысты.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар