30.01.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Цифрлық инновациялар мәдениетін одан әрі дамыту және озық тәжірибелермен жүйелі түрде алмасу мақсатында 2026 жылдан бастап Холдингтің әрбір еншілес және тәуелді ұйымы ай сайын цифрлық шешімдерге арналған Demo Day іс-шараларын өткізетін болады. Аталған алаңдарда жүзеге асырылған және пилоттық ІТ-бастамалар, сондай-ақ цифрландыру саласындағы үздік тәжірибелер ұсынылады.
Осы бастаманы алғаш болып іске асырған Холдингтің еншілес ұйымдарының бірі – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 30 қаңтарда DEMODAY KHC 2026 аясында жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер саласындағы жобаларын таныстырды.
Іс-шара цифрлық жүйелерді енгізу, аналитикалық құралдарды дамыту және ІТ-шешімдерді қолдану мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығы мен қалалардың дамуына қатысты қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға арналды.
Іс-шараға «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ және Холдингтің еншілес ұйымдарының цифрландыру, бизнес-процестерді дамыту, аналитика және стратегиялық жоспарлау бағыттарына жауапты өкілдері қатысты.
DEMODAY KHC 2026 бағдарламасы екі негізгі бағыт бойынша құрылды.
Бірінші блок аясында Қазақстан тұрғын үй компаниясының қызметінде енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды. Атап айтқанда, цифрлық экожүйе мен аналитикалық орталықты қалыптастыру, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып аналитикалық дашбордтарды дамыту, сондай-ақ процестердің тиімділігін арттыруға және басқарушылық шешімдердің сапасын жақсартуға бағытталған интеграциялық ІТ-модульдер таныстырылды.
Екінші блокта аналитикалық зерттеулердің нәтижелері, соның ішінде Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығына жүргізілген зерттеу және цифрлық аумақтық платформа негізінде қалалардың дамуын кешенді талдау ұсынылды. Ұсынылған материалдар тұрғын үй-құрылыс секторындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық шешімдерді қалыптастыруда практикалық қолдануға бағытталған.
DEMODAY KHC 2026 өткізілуі «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы аясында цифрлық және аналитикалық құралдарды дамыту бойынша жүргізіп отырған жүйелі жұмысының бір бөлігі болды. Іс-шара тәжірибе алмасу, практикалық кейстерді талқылау және Холдингтің инвестициялық холдинг ретінде трансформациясы аясында ІТ-шешімдер мен инвестициялық процестерді аналитикалық сүйемелдеуді одан әрі дамыту бағыттарын айқындауға арналған алаң қызметін атқарды.