Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

03.08.2026

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді

Кеңес ал!

03.08.2026

ҚДБ қолдаған «ҚазАвтоЖол» жобалары Президентпен өткен телекөпір барысында таныстырылды

ҚДБ қолдаған «ҚазАвтоЖол» жобалары Президентпен өткен телекөпір барысында таныстырылды

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев және «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпірге қатысты. Оның барысында ҚДБ қаржыландыратын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ұлғайсын - Сексеуіл», «Бейнеу - Сексеуіл» және «Қызылорда – Сексеуіл» көлік жолдарын салу және жаңарту жобалары іске қосылды. Жобалар ҚР көлік-логистикалық әлеуетін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында қолға алынған.

KAZ 06 (Самара – Шымкент) дәлізін кеңейтуге бағытталған ұзындығы 312 шақырым «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолын реконструкциялау кезінде есептік жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейінгі төрт жолақты қозғалысы қамтамасыз етіледі. Құрылыс барысында 7 665, ал қолданысқа тапсырылған кезде 165 жұмыс орны құрылады. Жобаның қаржыландыруы толығымен Банк қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.

Ұзындығы 462 шақырымды құрайтын «Қызылорда - Сексеуіл» жолын реконструкциялау жобасы Қазақстанды, Қытай мен Ресейді Еуропамен байланыстыратын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Банк қаражаты есебінен 2026-2030 жылдары ұзындығы 130,78 шақырымдық учаске құрылысының алғашқы 5 кезегін қаржыландыру жоспарлануда. Бірлесіп қаржыландыру аясында жобаны Ислам даму банкі мен Азия даму банкі де қолдайды.

«Қызылорда – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» учаскелерінің жалпы ұзындығы 774 шақырымды құрайды. Олардың іске қосылуы құрылыс кезеңінде 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және жүк ағынын 2,5 есеге, яғни жыл сайын 13,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында жалпы ұзындығы 800 шақырымдық учаскені салу және реконструкциялау жобасының бірінші кезегінде жол айрықтары бар және 14 іске қосу кешеніне бөлінген 559 шақырымдық негізгі жолды реконструкциялауды қарастырылған. Екінші кезек аясында метеобақылауы бар жүктерді өлшеудің интеллектуалды жүйесін орнату, жол пайдалану учаскелерін (ДЭУ) және елді мекендерге дейінгі ұзындығы 240,5 шақырым кірме жолдарды 3 іске қосу кешеніне бөлу арқылы салу және күрделі жөндеу қарастырылған.

Жоба сонымен қатар 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға енгізілген. Оны Халықаралық қайта құру және даму банкімен, Еуропа қайта құру және даму банкімен және Азия даму банкімен бірлесе қаржыландыру аясында қолдау қарастырылған. Автожол Қазақстанның Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Қытай мен Еуропа арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) элементі – ТРАСЕКА бағдарламасының бір бөлігіне айналады. Бұл қолданыстағы бағдарды 1000 шақырымға жуық қысқартуға және ҚХР шекарасынан Ақтауға дейін жүк жеткізу мерзімін екі-үш тәулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Барлық жобалар 2029 жылы іске қосылады деп күтілуде. Банктің оларды қаржыландыруға қатысуы көлік инфрақұрылымын дамытуды қолдаудағы рөлін көрсетеді және көлік жолы желісінің өткізу қабілетін арттыруға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Банк өзінің 25 жылдық қызметі ішінде жалпы сомасы 19 трлн теңгеге 218 инвестициялық жоба мен 151 экспорттық операцияны қаржыландырды. Оның нәтижесінде бүкіл ел бойынша 151 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 38 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар